
Қанжанов Бейімбет
Самбодан ҚР спорт шебері Бейімбет Қанжанов 1991 жылы 13 наурызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында туды.Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Юриспруденция» факультетін бітірді.
Самбомен 12 жыл айналысады.
Жаттықтырушылары: Адамбаев Дәурен Құсайынұлы, Қанжанов Қайдар Мейіржанұлы.
Спорттағы жетістіктері:
ҚР Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.
2011 жыл - 52 кг. с/д жастар арасында Азия Чемпионы
2011 жыл - 52кг. с/д жастар арасында Әлем Чемпионы
2012 жыл – 52кг. с/д Азия Чемпионатының қола жүлдегері
2013 жыл– 52 кг. с/д Белоруссия Президенті сыйлығына Халықаралық турнирдің
жеңімпазы.
2013жыл – 52 кг Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыйлығына Әлем Кубогы Этапының жеңімпазы.
2013 жыл – 52 кг с/д Әлем Кубогы Этапының А. Харлампиев Мемориалы "А" санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы.