
Елеуов Серік Саматұлы
бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Серик Елеуов Қарағанды қаласында 1980 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген
Жалпы мәлімдеме:
Серик Елеуов Қарағанды қаласында 1980 жылы
15 желтоқсанда дүниеге келген
Казпотребсоюз Қарағанды Экономикалық Университетін бітірді
Бокспен 15 жыл айналысты
Салмақ дәрежесі – 60 келі
Жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы Владимир Валентинович Маслин.
СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
1999 жыл
жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионы, Буэнос-Айрос қаласы (Аргентина)
2001 жыл
Қазақстан Республикасыныңь I-ші жазғы Спартакиадасының жеңімпазы
2003 жыл
Қазақстан Республикасының мықты боксшыларының турнирінің жеңімпазы, Қарағанды қаласы;
Э.Хасановтың естелігіне арналған халықаралық турнирінің жеңімпазы, Алматы қаласы;
V Орталық Азия ойындарының күміс жүлдегері, Душанбе қаласы (Тәжікстан);
Қазақстан Республикасының чемпионы, Астана қаласы
2004 жыл
Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған халықаралық турнирінің жеңімпазы, Санк-Петербург қаласы;
I Олимпиадалық лицензиондық турнир, Гуанчжоу қаласы (Қытай), 1 орын, Афин қаласында Грецияда өтетін XVIII жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды;
Европаның мықты боксшыларының Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері (олимпиада алдындағы турнир, Бухарест қаласы (Румын)
ХХVIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Афин қаласы (Греция)
Үкімет марапаты «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.