Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 10 Тамыз (14:08)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының жас спортшыларына 1 маусым күніне сыйлық жасалған жоқ – оларға әзірше жабық бөлмелерде жаттығуға болмайды.

Бірақ... Егер сіз жұмыс күндері қалалық саябаққа келсеңіз тамаша көрініске куә болар едіңіз – кеншілер астанасының жасыл желегінің арасында спорттық өмір қайнап жатыр. Барлық алаңдарда балалар мен жас жеткіншектер. Біз осында келген кезде таза ауада жеңіл атлеттер, мәнерлеп сырғанаушылар, боксшылар, су полосы секциясының балалары және басқалары жаттығып жатқан еді. Саябақтың жолдарымен жүгіріп жүрген, салауатты өмір салтын сақтауды қолдайтын ересектерді де кездестірдік.

- Балалардың әзірше манежде айналысуына болмайды, сондықтан біз рұқсат етілген саябақта жаттығу жасау дұрыс деп таптық, - дейді жеңіл атлетикадан ОМБЖОРМ жаттықтырушы-оқытушысы Татьяна Якимкина. – Осында жаттығатынымызды білгенде балалардың қалай қуанғанын көрсеңіздер ғой. Барлығы бірігіп ұжымды түрде таза ауада айналысуды ешқандай онлайн жаттығу алмастыра алмайды. Әрине, біз барлық балаларды қамту үшін жаттығуды күніне бірнеше мәрте өткізіп, адам санын сақтау жөніндегі ережені қатаң орындаймыз.

- Екі жарым ай карантинде болу спортшылар үшін өте ұзақ уақыт, - деп ерекше атап өтті мәнерлеп сырғанау жөніндегі жаттықтырушы Гульнара Хакимова. – Соған орай дене пішіні жақсы жағына қарай емес, балалардың онлайн режімінде қаншама айналысқанына қарамастан, соның өзінде кері қарай өзгереді. Таза ауада айналысу туралы ұсынысты біздің тәрбиеленушілеріміз зор жігермен, рахат сезіммен қарсы алды және олар қазір рахаттана айналысып жатыр. Әрине, біз өзіміздің мұз үстіне шығуға рұқсат беретін күнді асыға күтудеміз.

Өткен жұма күні 1 маусымнан бастап барлық спорт нысандарының жұмысқа кірісетіндігі туралы хабарлама жарық көрді. Дегенмен, әрбір өңірде бұл шешім эпидемиологиялық ахуалға қарай әр түрлі қабылдануда. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың түсіндіруі бойынша балалардың қауіпсіздігі үшін әзірше жабық спорт нысандарында айналысуға рұқсат етілген жоқ. Бұл тыйымды алып тастау бәсеңдеудің төртінші кезеңінің үлесіне жатады деп жоспарлануда. COVID-19 індетінің таралуына байланысты біздің өңірдегі жағдай енді бұдан әрі нашарламайды, қайтадан жақсы жаққа қарай тұрақтанады және ақыр соңында біздің спортшыларымыз залдарда, бассейндерде, манеждер мен стадиондарда айналысады деп сенеміз.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика