Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 10 Шілде (01:56)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысында 2020 жылы қандай спорттық нысандар салынады және пайдалануға беріледі.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Қарқаралы қаласында 320 орындық ДШСК және Шахтинск қаласында бассейні бар кешен салынуда. Демеушілердің есебінен Теміртау қаласында ДШСК, Пришахтинск елді мекенінде ССК, Теннис орталығы, Стол теннисі орталығы, Триатлон-парк бой көтеруде. Сол сияқты футбол манежінің (жобалау-сметалық құжаттамаларына түзетулер енгізілуде, мерзімі – 2020-2021 жылдар), ипподром (50 га, жер телімін рәсімдеу жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр), Күрес орталығы (жобалау-сметалық құжаттамаларына және жер теліміне түзетулер енгізілді, мерзімі – 2021-2022 жылдар), Жезқазған қаласында ескек есу спорты жөніндегі БЖСМ-нің есу базасы (жобалау-сметалық құжаттамалары жасалды, сараптаманың оң қорытындысы алынды, мерзімі – 2021-2022 жылдар), Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ селосындағы кешен (жобалау-сметалық құжаттамалары жасалу үстінде, мерзімі – 2021 жыл).

 «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2020 жылы Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінде 320 орындық кешіннің құрылысы салынып, Ақсу-Аюлы селосында БЖСМ ғимаратының қас бетін жөндеу жүзеге асырылмақ.

2020 жылы «Еңбекпен қамтудың жол картасы» бойынша республикалық бюджет есебінен Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінде және Нұра ауданындағы Нұра кентінде бассейндер, Қарсақпай кентінде 100 орындық, Ұлытау ауданының Жезді кентінде, Ақтас кентінде 160 орындық кешендер, Жезқазған мен Шахтинск қалаларында бассейні бар ДШСК сияқты спорт нысандары салынатын болады.

Үстіміздегі жылдың жазында Қарағандыдағы Теннис орталығы, Қарқаралы мен Теміртаудағы ДШСК пайдалануға тапсырылады, желтоқсан айында Жаңаарқа ауданының Атасу селосында тренажер залы бар жабық жүзу бассейнінің, Қарсақпай кентінде 100 көрерменге арналған орны бар ДШСК-нің құрылысы аяқталады.

Қарағандыдағы 50 метрлік жүзу бассейніне қатысты айтатын болсақ, бұл нысанның жобалау-сметалық құжаттамаларына түзетулер енгізу аяқталу үстінде, оның бой көтеруі үшін миллиард теңге қаражат бөлініп отыр.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика