Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 10 Тамыз (13:33)
Официально

Язык: Қазақша

Дене шынықтыру және спорт басқармасы Жол картасы бойынша 14 жобаны жүзеге асырады.

Қазіргі күрделі экономикалық жағдай кезінде еліміздегі тұрғындарды жұмыспен қамту жөніндегі басты тетік жаңа Жол картасы болып отыр. Бағдарлама кем дегенде 85 мың теңгеден ақы төлейтін 200 мыңнан астам жұмыс орны бар жеті мыңнан артық жобаны қамтитын болады.

Қарағанды облысында Жол картасы қазірдің өзінде орындалып жатқан болса, оның ішінде Дене шынықтыру және спорт басқармасында да табысты жүзеге асырылуда. Биылғы жылы 14 жоба үшін миллиард теңгеге жуық бөлінді. Мәселен, қысқы спорт түрі мектебінің шаңғы базасы мен роликодромы жөндеуден өткізілмек. «Қарағанды-Арена» мұз сарайының су баспалдақтары мен шатыры жөнделеді. Он екі спорт мектебінде, оның ішінде Жезқазған, Саран және Теміртау қалаларындағы мектептерде ғимараты, футбол алаңдарын, төбелерін, жүгіру жолдарын, киім шешетін және жуынатын орындарды, жылыту, инженерлік және су құбыры желілерін, пандустарды жөндеу сияқты тағы басқа да көптеген жұмыстар атқарылады. Осы жуарда ғана Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» жүзеге асырылып жатқан метталургтер қаласында болып қайтты.

- Теміртауда біздің бірнеше нысанымыз бар. Әлия Молдағұлова атандағы спортқа бейім, дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат филиалының көптен бері жөндеу көрмеген жатақханасында жұмыс белсенді жүргізілуде. Олимпиадалық резервтің екі мектебінде желілері мен ғимараттарына ауқымды және көптен күткен реконструкция жасалып жатыр. Енді біздің ескек есушілеріміздің орталығында да көптеген істер күтіп тұр, - деп түсіндірді Темірхан Серікбайұлы.

Айтақшы, «Ескек есу бойынша Теміртау МБЖОРМ» КММ тренажер залына, футбол алаңына және басқа да нысандарына жөндеу жүргізумен қоса жобада жергілікті су тоғанындағы дайындық базасын жөндеу де көзделген. Мұнда жөндеумен бірге жағалау желілерін реконструкциялау да қоса атқарылады, мұны жаттықтырушылар мен спортшылар талай жылдан бері күтуде болатын.

- Біздің мектептер ұсынған жобаларды бекіту кезінде аса өзектілері мен қажеттілері іріктеліп алынды. Ең бастысы – «Жол картасы» ауқымды көлемде жөндеу жүргізіп, біздің көптен бері шешілмей келе жатқан мәселелерді жүзеге асыруға жағдай жасағанымен қоймай, адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік тудырды, - деп атап өтті Темірхан Серікбайұлы. – Тек біздің жоспарымызды жүзеге асыру үшін ғана 260-тан астам адам жұмылдырылған болса, оның жартысынан астамы еңбекпен қамту орталығының жолдамасымен келгендер. Яғни, бағдарлама тұрғындардың нақты жұмыс істеп, еңбек ақы табуына мүмкіндік жасайды. Барлық жөндеу жұмыстары жоспарланған кесте бойынша атқарылып, басқарма тарапынан қатаң бақылауда болады.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика