Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 28 Мамыр (09:53)
Официально

Язык: Қазақша

«Adal kоmek» жобасының аясында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасарымен тікелей эфир өткізілді.

«Еріктілер жылы» аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамашылығымен «ADAL KОMEK» акциясы бастау алған еді, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осы жобасның аясында Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мен спорт басқармасы біріге отырып, Instagram желісіндегі @karsportregion парақшасында тікелей эфир ұйымдастырды. Онда ДШжСБ басшысының орынбасары Рустам Кожабеков ТЖ режіміндегі жағдай туралы айтып, форумға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ол үстіміздегі жылдың 4 наурзы күні бұйрық жарық көріп, коронавирустың алдын алу жөніндегі шараларды, спортшылар мен жаттықтырушылардың Қазақстаннан сырт жерлерге жарысқа және оқу-жаттығу жиындарына баруына болмайтындығы, облыс аумағында барлық спорт шараларын өткізуге тыйым салынғаны, барлық спорт мектептері жабылатындығы, жаттықтырушылардың қашықтық режіміне көшетіндігі Қарағанды өңіріндегі барлық мемлекеттік спорт ұйымдарының назарларына жеткізілгендігін еске салды. Бірақ жұмыстың тоқтап қалмағаны сөзсіз. Спорт мектептерінің отыз мыңнан астам тәрбиеленушілері, жетекші спортшылар өздерінің жаттықтырушыларынан қашықтықтан немес онлайн режімінде тапсырмалар алып, өздерінің дене үлгісін сақтап, жаңа жағдайда айналысуды жалғастыра берді.

  • Мұндай кезде орасан зор ерік-жігер, ынта, өзін-өзі тәртіпке бағындыру және өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттер пайда болады. Бұл карантин аяқталған соң жақсы дене пішінімен шығу үшін өзін-өзі жетілдіруге және дамытуға деген қосымша ынта болып табылады, - деп атап өтті Рустам Кожабеков. – Осындай қиын уақытта басқарма тұрғындарды қолдауға әрқашан дайын екендігін атап өткім келеді. Мәселен, 19 наурыз күні үй жағдайында спортпен айналысуға шақырған «Антивирус» челленджі іске қосылды. Спортшылардың есеп беру бейне таспаларынан дене шынықтырумен айналысуды насихаттайтын бейнероликтер монтаждалады. Олар әлеуметтік желілерге салынады. Ұлтық ойын түрлері асық ату мен тоғызқұмалақтан онлайн сабақтар, Iggamecenter ойын тұғырнамасында турнирлер өткізілді. Облыстық «Сарыарқа» телеарнасында біздің бірлескен «Гимнастика» атты жобамыз жүзеге асырылды. Қарағандылық жетекші спортшылар Жансай Смағұловпен, Бейімбет Қанжановпен, апалы-сіңілілі Немичтермен, Милана Сафроновамен тікелей эфирлер өткізілді. Біздің өңірдің спортшылары мен жаттықтырушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған республикалық челленджді қолдады және оның қатысушысы болды.

Рустам Кожабековтың атап өткеніндей, коронавирустың таралуының бәсеңдеуіне қарай, өкілетті органдар төтенше жағдай режімін тоқтатқан жағдайда спорт шараларын өткізу туралы қосымша шешімдер қабылданатын болады.

ДШжСБ-ның өкілі тікелей эфирдің қатысушылары қойған көптеген сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде спорт мектептерінің жұмысын қашан жаңғыртатыны туралы мәселе көпшілікті толғандырғаны сөзсіз.

  • ТЖ режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин режімін бәсеңдеткен соң және санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, жұмысты жаңғырту кезең-кезеңмен жүргізілетін болады, - деген жауап қайтарылды.

Саябақтар мен бақжолдары бойында жүгіруді бастауға асығып отырғандарға, Рустам Даулетұлы әзірше тек өзінің ауласында ғана, яғни бір жарым шақырым қашықтықтан ұзамай жаттығуға болатындығын түсіндірді. «Қазіргі күнге дейінгі қалыптасып отырған жағдайға байланысты қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысын бұрын бекітілген демалыс кестесінен тыс алуына бола ма?» деген сұрақ қойылды.

  • ҚР Еңбек кодексінің 93 бабының бірінші тармағына сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы екі тараптың келісуі бойынша қызметкерге бекітілген кестеден тыс берілуіне болады, - деп түсіндірді спикер.

Көптеген сұрақтар қойылып, оған тиісінше жауаптар қайтарылғандығына қарап тікелей эфирдің тиімді өткенін аңғару қиын емес.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика