Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 28 Мамыр (10:41)
Официально

Язык: Қазақша

Ағадырда тұратын Қожанәсіп Асылхан тоғызқұмалақтан өткен халықаралық онлайн турнирдің жеңімпазы атанды.

Төтенше жағдайдағы жарыс Ақтөбенің арнайы интернет-алаңшасында ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның қалалары мен өңірлерінен, сол сияқты Моңғолияның, Түркияның және Түркменстанның өкілдері бар, барлығы 43 ойыншы қатысты. Қарағанды облысының атынан 21 жастағы Асылхан Қожанәсіп өнер көрсетті. Ол Евразия университетінің «Ақпараттық технология» факультетінің төртінші курс студенті. Ол өзінің оқыған мектебінде үйірмеге жазылған 12 жылдан бері үзбей ойнап, ұлттық спорттың осы түрімен шындап айналысып келеді. Қазіргі кезде Асылхан өзінің Ағадырында тұрып жатыр.

- Мықты қарсыластармен онлайн режімінде тартысу өте қызық болды. Мен тоғыз қарсыласпен ойнадым. Ақтық жарыста көзтаныс таныс болып қалған Маңғыстау мен Павлодардан келген принципшіл ойыншылармен жеңіс үшін сайысуға тура келді. Әрине, осындай беделді турнирде таңдаулы атанып, жеңіске ие болу мен үшін үлкен қуаныш. Коронавирусты де жеңіп шығатын, сөйтіп бұрынғы қалыпты өмірді жалғастыратын, әдеттегідей қалыпты жарыстар басталып, жүзбе-жүз кездесетін, пікір алысатын, сайыстың нағыз әсерлі көңіл күйін көзбен көретін уақыт та алыс емес деп ойлаймын. Бірақ карантин жағдайында да қалпыңды жоғалтпай, өзіңді тексеріп, оң әсерлер алу үшін онлайн біріншілік те тамаша әдіс, - дейді Ағадыр тұрғыны, өткен жылы Стамбұлда өткен халықаралық турнирде бірінші орын алған, республикалық чемпионаттардың да сан мәрте жеңімпазы және жүлдегері болған Асылхан Қожанәсіп.

Асылханды жеңісімен құттықтаймыз, оған өмірде де, спортта да жаңа жетістіктер тілейміз! #antivirus #BizBirgemiz #сидимдома #карантин

@karsportregion


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика