Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 10 Тамыз (13:54)
Официально

Язык: Қазақша

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар да берілмейді!

Толық мәніндегі жаттығулар мен жарыстарды олардың қалай сағынғанын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Мәселен, пауэрлифтинг бойынша спорт шеберлігінен  үміткер Виктор Яровты алайық, болмаса параолимпиадалық жүзуден әлем чемпионы Наталья Звягинцеваны алайық.

- Мен спортпен күн сайын қырық минуттан айналысамын, - дейді спортшы қыз. – Керіліп-созылу, ауырлық көтеру, міне, үй жағдайындағы жаттығудың барлығы осы. Дене пішінін сақтау қажет, бұл дегеніңіз денсаулық пен көңіл-күй. Карантин уақытында мұның өзі онша дұрыс бола бермейтіндігі белгілі, дегенмен де берілуге болмайды, құлазымау қажет. Біздің барлық қыздар мен жігіттерге үзбей айналысу керек деймін. Ол үшін төрт қабырға да бөгет бола алмайды.

Наталья қалған уақытында тоқумен айналысады. Ол тек бір тақырыптың айналасын шиырлай беретін жаңалықтарды да қоспайды, қызықты деректі фильмдерді ғана тамашалайды.

- Мен Інжілді қолымнан тастамаймын, барлық жандар үшін сиынамын...

- Сіз Токиода өтетін келесі жылға ауыстырылған Паралимпиадалық ойындарға лицензия ұтып алдыңыз. Енді тек соған қатысуға деген ұмтылыс пен төртжылдықтың басты ойындарының марапаты үшін күреске дайындалу үшін күш-қуат қалды ма?

- Әрине, қатысқым келеді. Ұмтылыс болса, күш-қуат әрқашан да табылады, - дейді зор сеніммен әлем чемпионы.

- Біздің балалар үшін спорт – өмірінің аса қажетті және қуанышты бір бөлегі. Жаттығулар мен жарыстар – соның саңылауы, оң көзқарастың толқындары болып табылады, - дейді Қарағанды облысы мүгедектер спорты мектебінің басшысы Елена Фархутдинова. – Барлығы да спорт залдарына, бассейндерге барғысы келеді, бірақ карантин жағдайында ол қиын, сондықтан да мұндай жағдайда оларға жарайсыңдар дегеннен басқа не айтамыз. Бізде де, басқа барлық мектептердегі сияқты жаттықтырушылар өздерінің тәрбиеленушілерімен қашықтықтан жұмыс істейді. Спортшылар да талпынуда, үйлерінде айналысып жатыр. Олар үйінде жатып алып, күрсіне дем алудан басқа ештеңе бітірмейтін кейбіреулерге үлгі болуда. Спортпен айналысыңыздар! Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика