Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 10 Тамыз (14:07)
Официально

Язык: Қазақша

Abadan FC өкілдері қарағандылықтарға сегіз тонна картоп таратты.

- Елімізде қиын жағдай қалыптасты. Барлығымыздың басымызға ортақ қауіп төніп тұр. Осындай кездегі күресте біз бір-бірімізге көмек көрсетіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз қажет, - деп атап өтті Abadan FC президенті Нұрлан Қалтаев. – Біздің жауынгерлік клубымыз BigTayGroup компаниясының ықпал етуімен, Нұр-Отан партиясының және Қарағанды облысы Жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен өз мүмкіндігімізге қарай тұрғындарға азық-түлікпен көмек көрсетеміз деп шештік. Сол үшін сегіз тонна картоп сатып алып, кімге көмек жасау туралы Нұр-Отан партиясынан кеңес сұрадық. Картопты карантинге жабылғандарға таратуды дұрыс деп таптық. Бұлар бес кіреберісі бар үйде тұратын 150 адам екен. Қалғанын аз қамтылғандар мен қажетсініп отырған отбасыларына тараттық. Жалпы алғанда 600-ге жуық отбасын картоппен қамтамасыз еттік. Егер біз бір-бірімізді қолдап, көршілерімізге күле қарап, амандасып өтсек, соның өзі зор қолдау. Егер мүмкін болса, материалдық және азық-түлік жағынан көмек көрсетсеңіздер ешқандай қорқыныш болмайды, ешқандай вирус бізді жеңе алмайды. Дендеріңіз сау болсын, өздеріңіз сақтаныңыздар және жақындарыңызды сақтаңыздар! Біз бірге болсақ, үлкен күш екенімізді ұмытпайық!

«Abadan» жауынгерлік клубы «Biz Birgemiz» республикалық акциясына қосылды. Атап айтатын болсақ, бұл бастаманы бұрын «Пенчак Силат» Қауымдастығы іліп әкеткен еді. Қарағандылық спортшылар аға ұрпаққа қамқорлықты да есінде сақтайды, олар қарт адамдарға ондаған ыстық түскі ас таратып берді.

#antivirus #BizBirgemiz #AlgaQazaqstan

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика