Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 10 Тамыз (14:42)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық спортшылар «Біз біргеміз» акциясына қосылды.

Олар қарттарға көмек көрсетуде.

Акцияның бастамашысы «Nur Otan» партиясы. Ол Қазақстанның барлық өңірлерінде өтуде. Еріктілер тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына бірінші кезекте қажет азық-түлік пен қорғаныс құралдарын жеткізіп береді. Мұндай қайырымдылық ісіне партия белсенділері мен кәсіпкерлер қатысқан еді. Енді бұл бастаманы қарағандылық спортшылар, оның ішінде «Пенчак Силат» қауымдастығы жалғастырып әкетті. Олар аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасау ісімен айналыспақ.

-  Бұл өте қайырымдылық іс. Қазіргі жағдайда біз қарттарымызға көмек көрсетуге тиіспіз. Олардың барлығының сыртқы шығуға жағдайы келе бермейді. Ешкім назардан тыс қалмауы керек. Мен барлық спортшыларды осы акцияны қолдауға шақырамын, - деді «Пенчак Силат» қауымдастығының вице-президенті Медет Әбжанов.

Спортшылар өз бетімен көшеге шыға алмайтын қарт адамдарға ыстық кешенді тағамдар жеткізіп беруде. Күн сайын 50 адам олардың көмегін пайдалануда. Еріктілер майданының жауынгерлері құрметті жасқа келген адамдарға деген қамқорлықтарын төтенше жағдайлар аяқталғанша жалғастырмақ. Акцияны ұйымдастырушылар азық-түліктің сапасын мұқият қадағалап, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде сақтайтын болады. Шау тартқан адамдардың күнделікті тағам рациондарын да үнемі ескеріп отырады. Тағамдар тобын жеткізіп беру кезінде курьерлер бетіне бетперделер мен қолдарына қолғаптар киіп жүреді.

Біз бүкіл әлемдегі сияқты біздің еліміздің басына да ауыр сынақ түсіп тұр. Осындай уақытта әрбір азамат өзінің мүмкіндігіне қарай жалпы іске үлесін қосуы қажет деп білеміз, - деп атап өтті Медет Әбжанов, - Біз біргеміз! 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика