Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (18:34)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Амманда (Иордания) өткен рейтингтік турнирде Токио Олимпиадалық ойындарына лицензия жеңіп алған Абылайхан Жүсіповты құттықтады.

Бұл кездесуге ДШжСБ-ның басшысы Темірхан Абылаев, бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев, өңір басшысының спорт істері бойынша кеңесшісі Нұрғазы Жарылғапов, жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Данияр Мынбаев, боксшының жеке жаттықтырушысы Бауыржан Аманбаев және БАҚ өкілдері қатысты.

- Олимпиадаға қатысуға лицензия ұтып алғаныма өте қуаныштымын. Дегенмен біраз жұмыс істеу қажет екендігі белгілі. Оған дейін коронавирустың таралуы тоқтап, оны халықтың жеңетіні, Олимпиада ойындарының өтетіндігі сөзсіз. Ал, әзірше бар күшімізді жұмсап, жаттыға беретін боламыз. Ең жақын жиын Алматы түбіндегі таудағы базада өтетін болады, - деп айтып берді журналистерге Абылайхан Жүсіпов.

Кездесуге қатысқандардың барлығы да Амманда төртжылдықтың басты ойындарына қол жетпес жолдаманы Қазақстан құрамасының ішінде бірінші болып жеңіп алған спортшыны шын жүректен құттықтады. Олар қарағандылық бокстың жаңа жұлдызының Олимпиадада өзінің мінезін, шеберлігі мен жауынгерлік қасиетін міндетті түрде және толық қуатында көрсетеді деген сенім білдірді. Басқарма басшысы біздің ұлттық команданың бас жаттықтырушысы, ол да қарағандылық Ғалымбек Кенжебаевқа және белгілі спорт қайраткері, 17 наурыз күні туған күні болып отырған  Нұрғазы Жарылғаповқа алғыс хаттар табыс етті.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика