Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (18:52)
Официально

Язык: Қазақша

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турындағы кездесуде қарағандылық «Шахтер» алматылық «Қайратты» тізе бүктірді.

Қостанайда 15 наурыз күні өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Бауыржан Тұрысбек 17-ші минутта бір ғана және шешуші доп соқты.

- Бұл доп бүкіл қарағандылықтардың, «Шахтер» үшін жаны ауыратын барлық жанкүйерлердің жеңісі. Атағы аспандаған және бай дәстүрімен белгілі команданы ұту біз үшін өте жағымды оқиға болды, - дейді «Шахтердің» бас бапкері Вячеслав Грозный. – Мұның алдындағы жолы «Тобылдан» жеңіліс тапқан соң біз қателіктермен жұмыс істедік, сол ойынды талқылап, жеңіске жету үшін қолдан келгенді жасадық. Бұл жеңіс команданың мінезін байқатады. Бізге әлі де талай жұмыс атқару керек. Талай бағытты толықтырамыз деп отырмыз, бұл келешектің ісі. «Қайратқа» табыс тілеймін, тек бізбен ойнағанда ғана емес. Енді біз келесі тағы бір күрделі кездесуге дайындалатын боламыз. Жеңістеріңізбен тағы да құттықтаймын.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика