Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (19:08)
Официально

Язык: Қазақша

Журналистер грек-рим күресінен Азия чемпионаты күміс жүлдегерінің ашық жаттығуында болып қайтты.

Әдетте жетекші спортшылар, ұлттық команданың мүшелері үйлерінде сирек болады – өйткені жарыстардан соң оқу-жаттығу жиындары басталады. Бұл әсіресе Ибрагим Магомадовқа қатысты. Ол өзінің туған жеріне қысқа мерзімге оралды да, қарағандылық журналистермен кездесті. Атап өтетін болсақ, Нью-Делиде күрес түрлері бойынша Азия чемпионаты өткен еді. Грек-рим мәнеріндегі қазақстандық шеберлер халықаралық біріншілікте соңғы рет өнер көрсетті. Ибрагим Магомадов 72 килоға дейінгі салмақта «алтын» үшін белдесті. Өкінішке қарай жерлесіміз Иран балуанының шабуылына төтеп бере алмады. Ақтық айқас Ибрагим Магомадовтың туған күніне сәйкес келген еді – қарағандылық спортшы 29 жасқа толды. Азия чемпионатының күміс жүлдегерімен журналистердің бейсенбі күнгі Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілерімен бірге өткен жаттығу кезінде ғана тілдесуге мүмкіндік туды.

- Шынын айтқанда мен күміс жүлде алғаныма онша қуана қойған жоқпын. Мен алтыннан үмітті едім. Белдесу алдында өзімнің туған күнімді де ұмытып кеттім, барлық ой-мақсатым жеңіп шығу болды. Қазақстанның туын ұстап құрметті шеңберді айнала жүгіріп өтіп, еліміздің гимнін естігім келген еді. Бірақ мүлт кеттім... Біз жаттықтырушымыз екеуіміз одан тұжырым жасадық, енді жігерлене жұмыс істейтін боламыз. Қыркүйекте әлем чемпионаты өтуге тиіс. Қазір барымды салып жаттығып жатырмын, әлем чемпионы болғым келеді, - деп өз ойын ортаға салды журналистермен кездесуде Ибрагим Магомадов.

Айтпақшы, Нью-Делидегі күрес түрлері бойынша Азия чемпионатында қарағандылықтар– Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен және Илисхан Чилаев еркін күрестен тағы да екі қола медаль жеңіп алды.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика