Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (19:40)
Официально

Язык: Қазақша

Фотосуретші Виктор Майский облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жүлдесіне ие болды.

Жуырда К.С.Станиславский атындағы театрда қайта жаңғырған «Қарағанды» фотоклубының ұйымдастыруымен «Перспектива» көрмесі болып өтті. Оған кәсібилермен қоса әуесқой фото түсірушілер де қатысты. Instagram пайдаланушыларының төрелігіне жүзден астам жұмыс ұсынылған екен, соның ішінде спорт тақырыбы да орын алыпты. Бұл конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ашық дауыс беру жолымен анықталды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өздеріне ұнаған жұмыстарды – қарағандылық белгілі шебер Виктор Майскийдің (суретте) жұмыстарын таңдап алды. Онда қазақтың ұлттық ойындарының қызықты бір сәті теңге ілу бейнеленген екен. Көрменің жабылу салтанаты кезінде суреттің авторына басқарма басшысы Темірхан Абылаев басшылықтың Алғыс хатын және жүлдені – Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайындағы бассейнге жүзу абонементін табыс етті.

- Менің шығармашылығыма жоғары баға бергендеріңіз үшін зор ризашылығымды білдремін. Өте тамаша сыйлық! Міндетті түрде бассейнде жүзетін, сөйтіп өзімнің денсаулығымды нығайта отырып, мол рахат сезімге бөленетін боламын, - деп атап өтті қазір құрметті еңбек демалысында болса да фотосурет өнерімен айналысуды жалғастырып келе жатқан Виктор Майский.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика