Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (19:54)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері, кеншілер астанасының құрметті азаматы, КСРО құрметті кеншісі, еңбек ардегері Төлеутай Есенбековты еске алуға арналған Ү республикалық турнир өтіп жатыр.

Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сол сияқты Ресей мен Қырғызстаннан 180-ге жуық спортшы қатысуда.

- Бұл турнир жыл өткен сайын танымал болып келе жатыр. Биыл Ресей командасы мен Қырғызстаннан палуандардың келуі тіпті тамаша болып кетті. Бұл турнир ең бірінші жастардың тамаша белдесулер өткізіп, өзін көрсететін, өз өңірлерінің құрама командасына мүше болуға және «Спорт шеберлігінен үміткер» атағын жеңіп алуына мүмкіндік беретін тамаша алаң болып отыр. Осымен бесінші рет жоғары деңгейде өтуіне қуаныштымын. Бұл жарыс – менің әкем үшін зор құрмет, ол кісі тек сыйға бөленген шахтер ғана емес, сонымен қоса облысымыздағы грек-рим күресін дамытуға зор үлес қосқан нағыз спортшы және жанкүйер болды, - деп атап өтті Қарағанды қаласы құрметті азаматының ұлы Арғын Есенбеков, сұхбат берген кезінде. Ол облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаевпен, Қарағанды облысы күрес федерациясының атқарушы директоры Нұрғазы Жарылғаповпен, жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Ерден Халилинмен және жарыстың бас төрешісі Николай Касяникпен бірге 4 наурыз күні турнирдің салтанатты жағдайда ашылуына қатысты.

Айта кететін тағы бір мәселе – сол күні еркін күрестен Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Еңбек сіңірген спорт қызметкері, КСРО спорт шебері, экстра-класс санатындағы халықаралық төреші, жауынгер-интернационалист Александр Алексеевич Мыцик 70 жасқа толды. Әлі күнге дейін белсенді қызмет атқаратын ардегер салтанатты ашылу кезінде мерейтойымен құттықталды. Барлық спортшылар қауымының атынан Темірхан Абылаев нағыз кәсіпқой және құрметке лайық адамның атына жылы-жылы лебіздер айтып, оған алғыс хат табыс етті. Александр Алексеевичті құттықтай отырып, оған мықты денсаулық тілейміз!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика