Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (18:13)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында семинар-кеңес өтіп, онда қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілік институтын енгізу жөнінде түсінік берілді.

Көптеген заңдардағы өзгерістер туралы ведомства қызметкерлеріне, спорт мектептерінің басшыларына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облыстық департаментіндегі мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Сымбат  Амангелдинова баяндап берді.

- Басшы лауазымдағы, оның ішінде мемлекеттік органдардың бірінші басшылығындағы лауазымдық тұлғалардың қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық жасауын ескерту жөніндегі лауазымдық өкілеттігін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершілік нормасы зааңнамалық деңгейде бекітілген. Өзгерістерге сәйкес бірінші басшы өзінің қарамағындағы қызметкерге қатысты соттың айыптау қорытындысы күшіне енген соң, болмаса қылмыстық істі оны ақтауға болмайтын негізбен тоқтатқан соң он күнтізбелік күн ішінде жұмысынан шығуға өтініш беруге міндетті, - деп атап өтті баяндамашы.

Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың қызметінің алғы шарттары жасалған. Мәселен, соттың үкімі күшіне енген соң, болмаса қылмыстық істі оны ақтауға болмайтын негізбен сот тоқтатқан соң бір күннен кешіктірмей, соттың кеңсесі Бас прокуратураның Құқтық статистика және арнайы есеп комитетінің базасымен интеграцияланған ведомстволық ақпараттық жүйесіне  тиісті деректер енгізеді. ҚСжАЕК екі күннің ішінде талап еткен деректерді Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жауапты басшылардың қарамағындағылардың жасаған сыбайлас жемқорлық құқығын бұзушылығына заңнама талаптары бойынша жауапкершілігін орындау барысындағы  мониторинг пен бақылау үдерісі үшін жолдайды. Қазіргі кезде Бас прокуратураның Комитеті Агенттікке тиісті мониторинг үшін ақпараттық жүйеге онлайн қолжетімділігімен жолдап отыратын болды.

- Квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік органдары мен ұйымдары бірінші басшының шешімі бойынша осындай алғышарттың сақталуы үшін жауапты мемлекеттік қызметші бекітеді. Департамент облыстық мемлекеттік органдарына тиісті хаттарды жолдады, - деп атап өтті Сымбат  Амангелдинова. – Мемлекеттік орган тиісті шешім қабылданғаннан бастап екі жұмыс күні ішінде саяси қызметкерді жұмыстан босату немесе қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған басшыға тәртіптік жауапкершілікті қарау қорытындысы туралы Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне хабардар етеді.

Бұл жұмыстар Департаменттің тұрақты бақылауында болады. Барлық мүдделі мемлекеттік органдарға іс-қимылдың алғышартында баяндалғандарды қатаң түрде қолдану ұсынылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолданбаған басшыға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік көзделген.

- Бұған қоса Агенттіктің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары мемлекеттік қызметшілердің артық қызмет атқару мәселесіне көңіл аударды, - деп хабарлады Сымбат  Амангелдинова. – Тиімді еңбек кестесі жасалғандығына және артық жұмыс істеудің (бақылау рейдтері, оқыту семинарлары және т.б.) қысқартылғанына қарамастан, олардың жалпы тиімділігі қысқа мерзімдік сипат алып, тиісті дәрежедегі әсері болған жоқ. Сонымен бірге еңбек заңнамаларының нормаларын бұзғаны үшін бірінші басшыларға әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін айтуымыз керек. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау оғаны қарсы әрекеттермен қоса тиісті еңбек жағдайын жасауды да талап етеді. Мұны Мемлекет басшысы биылғы жылғы қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде атап өткен болатын.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика