Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (18:39)
Официально

Язык: Қазақша

Кекушинкай каратэден «Шахтерлер астанасының кубогы» республикалық турниріне Қазақстанның 14 облысынан екі мыңнан астам спортшы қатысты.

Рейтингті біріншіліктің марапаты үшін көріністі айқас екі күн бойы он татамидің үстінде өтті. Турнирге барлық жас санаттарынан – балалар, жеткіншектер мен ересектер қатысты. Он бір жасқа дейінгілердің жекпе-жегі бір жарым минутқа созылған болса, ересектер 120 секунд белдесті. Жарысты Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев ашты. Сонымен қоса ашылу салтанатында әр өңірден келгендерді «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Таджимұрат Найзабеков пен Қарағанды облысы Жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Ерден Халилин құттықтады.

- Бұл осымен сегізінші «Шахтерлер астанасының кубогы». Бірінші жолы бес жүзге жуақ адам қатысқан болатын. Турнир беделді деп саналады, ол жұртшылық арасына кеңінен тарап келеді, бұл бізді қуанта берері сөзсіз. Алдағы уақытты оның халықаралық жарыс атанатындығына сенімдіміз, - деп атап өтті «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының директоры Тимур Райымбеков.

- Бізге Қарағандыдағы бұл турнирдің ұйымдастырылуы өте ұнады, оған біз рахат сезіммен қатысып жатырмыз. Мұнда Қазақстанның барлық жерінен мықты-мықты күрескерлердің жиналатындығы рас, - деді өз сөзінде Ақмола облысынан біріншілікке қатысушылар.

Тағы бір жағымды жаңалық – осы ірі жарыстың қорытындысында біздің Қарағанды облысының құрама командасы бірінші жалпыкомандалық орынды жеңіп алуы болды.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика