Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (19:04)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған, Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін студент-жастар арасындағы ХІҮ спартакиада бастау алды.

Бұл дәстүрлі өңірлік біріншілікті ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы тұңғыш рет қабылдап отыр.

ЖОО-ның өкілдері спорттың 13 түрінен: баскетбол, үстел теннисі, шахмат, шағын футбол, дойбы, конькимен жүгіру спорты, тоғызқұмалақ, асық ату, волейбол, шаңғы жарысы (эстафета), қазақ күресі, Президенттік қысқы көпсайыс және жеңіл атлетика бойынша жарысқа түсетін болады. Әрбір команданың құрамы 126 адамнан.

Спартакиадаға қатысатындар:

1. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

2. Қарағанды медицина университеті.

3. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университеті.

4. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.

5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы  Қарағанды академиясы.

6. «Болашак» академиясы.

7. Орталық Қазақстан академиясы.

8. Темиртау қ. Қарағанды мемлекеттік индустриальдық университеті.

Атап өтуіміз керек, жыл сайын өткізілетін спартакиадада кейінгі жеті жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы жеңімпаз болып келе жатыр.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика