Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 07 Сәуір (19:51)
Официально

Язык: Қазақша

Биылғы жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған облыстық дәстүрлі қысқы спортакиадалар – ХХХ ауылдық «Қарлы қыс» және Қарағанды өңірінің қалалары арасындағы ХҮІІ «Ақ қыс» біріншілігі бес мыңға жуық адамды қамтыды.

Мұндай сан қайдан алынды? Өйткені қысқы спортакиада үш кезеңмен өткізіледі – ауылдық округтерде, одан соң аудандық және қалалық кезеңдерде, ең соңында ақтық кезең болды. Биылғы жылы боранның кесірінен барлық жолдар жабылып қалып, Қарағанды қаласына барлық командалар көрсетілген мерзімде келе алмай қалды. Кейбіреулер қолдарына шаңғыларын, конькилерін және хоккей таяқшаларын алып, жедел түрде поезбен жетіп жатты. Екі күнге созылған спартакиадаға барлық құрама командалар мақсатына жетіп, қатыса алмады. Еске сала кетейік, әр түрлі жастағы және әр түрлі кәсіпке ие спортқұмарлар спорттың төрт түрінен – қысқы Президенттік көпсайыстан, шаңғы жарысынан, шайбалы хоккейден және конькимен жүгіруден жарысқа түскен еді.

Жарыстың қорытындысында қалалар арасында бірінші орынды – Қарағанды қаласы, екінші орынды – Теміртау, үшінші орынды – Саран қаласы иемденді. Егер 2011 жылғы статистиканы есепке алатын болсақ, кеншілер астанасы осымен 10 жыл бойы қатарынан жеңісті қолдан бермей келеді! Ауылдық спартакиадаға келетін болсақ, 2019 жылға дейін көшбасшы болып келе жатқан Абай ауданы бұл жолы екінші орынға шығып қалған болатын. Биыл ауда командасы тағы да тұғырға көтерілді! Екінші орынға Ақтоғай ауданының, үшінші орынға – Жаңаарқа ауданының командалары ие болды.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика