Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 29 Ақпан (00:46)
Официально

Язык: Қазақша

Руслан Ищанов: «Бұл рейтингтік турнир еді, ондағы жекпе-жек те қатаң болды».

Фуджейра қаласында (БАӘ) таеквондо WTF-тің олимпиадалық түрі бойынша халықаралық турнир өтті, оған 64 елден балалар, кадеттер, жасөспірімдер мен ересек жауынгер спортшы қатысты. Қарағандылық жас спортшылар беделді біріншілікте сегіз марапат ұтып алды! Алтын медальға Зарина Ищанова, Фатиха Абутай, Кабылсаят Камелден ие болды. Яна Рэм, Диана Ищанова, Әсел Науанова, Камилла Ищанова және Әлихан Кеңесов қола жүлдегер атанды.

- Бұл рейтингтік турнир, ондағы жекпе-жек те қатаң болды, - деп атап өтті федерация басшысы және таеквондо WTF бойынша Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Руслан Ищанов. – Біз ересектер мен жасөспірімдердің жеңісіне бағыт ұстанған едік, бірақ медаль ұту үлесі балаларға тиді. Олар әлемнің клубтық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды деуге болады, өйткені G-2 санатындағы турнирде 60-тан астам елдің өкілі күш сынасты. Ересектер туралы айтатын болсақ, ондағы бәсекелестік өте қатты болды, атақты спортшылар қатысты, олар өздерінің рейтингтерін көтеріп, Токиодағы Олимпиадаға жолдама алуға әрбір ұпай үшін жанталасты. Иә, қандай жағдай болмасын бұл сапар білім мен тәжірибе жинақтау үшін өте маңызды сапар болды. Жаттықтырушылар әлемдік деңгейдегі жекпе-жектерді бақылады, өздеріне білгілі бір тәжірибе жинақтап, тұжырым жасады. Жас спортшылар олимпиада чемпиондарының жекпе-жектерін, қалай ұмтылыс жасау керектігін өз көздерімен көріп қайтты. Өздерінің тәрбиеленушілерін тамаша тәриелеген Раиса Коваленко, Александр Балпык, Арнат Сейтенов және Жарас Ершебаев сияқты жаттықтырушыларға алғысым шексіз. Оларға рахмет!

Айтпақшы, беделді турнирде медаль жеңіп алған Зарина, Диана және Камилла Ищановалардың Руслан Ертайұлына кім болып келетіндігі туралы сұрақ туындауы мүмкін ғой.

Олар менің қыздарым. Бірақ бұған ерекше назар аударудың керегі жоқ. Балалардың барлығы да жарады...


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика