Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 28 Ақпан (23:21)
Официально

Язык: Қазақша

Тамаша mix Андрей Горшков пен София Шляпина (суретте) садақ атудан Қазақстан чемпионы атанды!

Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир ақпанның 5-нен 10-на дейін Теміртау қаласында өткен еді. Жарысқа облыстық және қалалық құрама командалары, барлығы 250 адам қатысты.

Қарағанды өңірі жеті спортшы ұсынған болса, оның ішінде төртеуі Теміртау мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінен. Тартысты өткен жарыс пен бәсі мықты бәсекелестікте біздің жас садақшылар үш алтын және екі-екіден күміс пен қола медаль ұтып алды:

*Горшков Андрей - 3 орын (18+18 метр), 3 орын (25+25 метр), 1 орын – «Олимпиадалық шеңбер»;

*Шляпина София - 2 орын (25+25 метр), 2 орын - «Олимпиадалық шеңбер»;

* 1 орын Горшков Андрей и Шляпина София mix командасына берілді, олар спорт шеберлігінен үміткер нормативін орындады.

- Біздің балалардың өнеріне дән ризамын. Жас жұлдыздар жарқырап келеді, келешекте олардың есімдерін әлемдік аренадан еститіндігімізге мен кәміл сенемін. Осындай тамаша сыйлық жасаған Андрей мен София жарады, оларға алғысымыз шексіз! – деп атап өтті Қарағанды облысы садақшыларының аға жаттықтырушысы Кирилл Цай.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика