Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 28 Ақпан (23:55)
Официально

Язык: Қазақша

Құзға өрмелеуден жеткіншектер мен жастар арасындағы Қазақстан Кубогының бірінші кезеңінде 14 медаль жеңіп алдық!

Айта кетейік, біріншілік Қарағандыда өткен болатын. Оған Қазақстанның өңірлері мен қалаларынан 145 құзға өрмелеуші жас спортшы қатысты.

- Төрт алтын, бес-бестен күміс пен қола медаль алу деген өте тамаша көрсеткіш, - деп атап өтті «Құзға өрмелеу» бір ғана бөлімшесі ашылған және табысты жұмыс істеп жатқан облыстық мамандандырылған «Жалын» мектебінің басшысы Майра Владимировна Исаева. – Айтпақшы, 2018 жылы «Астана-Арена» мұз сарайында орнатылған біздің скаладромның тамаша орын екендігін жарысқа қатысушылардың барлығы атап өтті. Енді Теміртау қаласына да осындай тағы бір скаладром қажет. Спорттың бұл түрі олимпиадалық болған соң ол қарышты дамып келеді. Біздің мектептің қазір жұмыс істеп жатқан Қарағанды, Теміртау және Ақтоғай аудандарындағы бөлімшелерінде өткен жылы 93 адам айналысқан болса, қазір олардың саны 243-ке жетті! Әсіресе Теміртау қаласындағы балалар тамаша өнер көрсете бастады, біздің бірнеше құзға өрмелеуші спортшымыз ұлттық құраманың қатарына ілікті. Негізі Теміртау өте спортты қала, оның өкілдері біздің облысқа және елімізге көптеген жеңістер әкелуде, сондықтан да оларды қолдауымыз қажет. Егер біз ол жерде скалодром орнататын болсақ, айналуысушылар саны екі есеге жуық артар еді. Бұл мәселені ұсынатын боламыз және оның оң шешілетіндігіне сеніміміз мол.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика