Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 29 Ақпан (00:15)
Официально

Язык: Қазақша

Жансай Смағұлов Парижде күміс медаль жеңіп алды!

Францияның астанасында дзюдодан Grand Slam сериясы бойынша беделді турнир өткен еді. 73 кг дейінгі салмақ санатындағы ақтық сайыста жерлесіміз Жансай Смағұлов пен жапондық Соичи Хашимото белдескен еді. Оlympic.kz тілшісі атап өткеніндей, жекпе-жек бір-бірімен жабыса, айырылмай күресуден басталды. Сол үшін жапон спортшысы ескерту алды. Бұдан соң дзюдоистер тиімді әдіс қолданғысы келгенімен, сәтсіз шықты. Мұндай жағдайда финал негізгі уақыттың соңына дейін жалғасты да, ол уақытқа дейін Жансай да ескерту алып үлгерді. Жапондық өз кезегінде белдесу аяқталар сәтте нәтижелі әрекет жасап, алға шығып үлгерді. Қорытындысында ол өзінің басымдығын сақтап қалды да, Смағұлов екінші орында тұрақтады. Бұған дейін қарағандылық спортшы алты жекпе-жек өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен болатын. Спортшы Қайдар Мейіржанұлы Қанжанов пен Сергей евгеньевич Дмитренконың қол астында жаттығуда. Жансай Смағұловты және оның бапкерлерін күміс медальдарымен құттықтаймыз!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика