Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 29 Ақпан (01:13)
Официально

Язык: Қазақша

Дене шынықтыру және спорт басқармасында Қарағанды облысы ұлттық спорт түрлері федерациясы өкілдерінің мәжілісі болып өтті.

- Ұлттық спорт түрлерін дамыту – басым бағыттардың бірі. Осы бағытта көптеген істер атқарылуда. Дегенмен де бірлесе атқаратын проблемалық мәселелер әлі де бар, - деп тоқталып өтті мәжілістің үйлестурішісі, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев.

Атқарылған жұмыстар туралы федерация басшысы Шеризат Қазтаев есеп берді.

Кездесу қонақтары оның алдағы жұмыстарына, ұлттық спорт түрлерін дамытуға және оны бұқараландыруға, болашағына қатысты ойларын ортаға салды, көптеген өмірлік маңызды мәселелерін талқылады. Сондай мәселенің бірі – біздің облысымыз үшін аса қажет ипподром салу болды. Сөз орайы келіп тұрғанда айта кету керек, бұл іске қозғау салынды, енді Қарағанды өңірінде сондай маңызды және аса қажет нысанның жақын уақытта бой көтеретіндігіне сенім мол.

- Мәжілісте маңыызды мәселелер сөз болды. Дұрыс пікірлер мен болашаққа қажет ұсыныстар айтылды. Ұлттық спортты дамытуда осы жерде айтылған ішкі иірімдердің барлығын ескере отырып, федерациямен бірлескен нақты жүйе жасалуы қажет. Мені осындай ауқымды, ашық әңгіме қозғалғандығы қуантады, - деп атап өтті Темірхан Абылаев.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика