Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 28 Ақпан (23:35)
Официально

Язык: Қазақша

Теміртауда ересектер, жасөспірімдер және паралимпиадалықтар арасында садақ атудан Қазақстан чемпионаты бастау алды.

Жарыс «Миттал» спорт кешенінде өтуде. Ашылу салтанатына Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Абылаев, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай, республикалық садақ ату федерациясының өкілдері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Чемпионаттың 240 қатысушысының арасында – халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ҚР ерлер ұлттық құрамасының мүшелері, Токиода өтетін Олимпиадалық ойындар лицензиясының иегері Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және еліміздің басқа да мықты-мықты спортшылары бар.

Талдықорғаннан келген, ұлттық құраманың мүшесі, садақ атумен 17 жылдан бері айналысып келе жатқан Денис Ганькиннен:

«Сіз Голландияда өткен рейтингтік турнирде лицензия ұтып алған, енді Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысатын болсаңыз, Қазақстанның біріншілігіне қалай келдіңіз?» - деп сұрадық.

- Қатыспағанда ше! Өзіңді-өзің алдандыра беруге болмайды ғой. Өзіңнің дайындығыңды тағы да бір рет тексеру артық етпейді, егер қателік кетсе – бір тұжырым жасайсың. Жарыстарды босату дұрыс емес, олардың кез келгені ойламаған жерден тосын сый жасауы және беріктігіңнің нағыз сынағы болуы мүмкін.

- Болжамыңыз қандай? Олимпиадада медальға қол жеткіе аласыз ба?

- Менің ойымша жүлдегерлер тобына ілігуге тиіспіз, - деп Денис Ганькин өзі үшін де, команда жігіттері үшін де жауап берді.

Ал біз болсақ, ақпанның 10-на дейін өтетін Қазақстан чемпионатындағы қарағандылық спортшыларға сәттілік тілеп аттандық. Біздің өңірде садақ ату енді ғана белсенді дамып келеді, жас спортшылардың жақсы нәтижелері де бар. Кім біледі, ертеңгі күні олардың ішінде танымал спортшылармен бәсекеге түсетіндері де табылып қалар! 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика