Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 28 Ақпан (23:53)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов: «Біздің басты мақсатымыз – халықты, әсіресе, балалар мен жастарды спортпен айналысуға барынша көбірек тарту».

Кеше, 4 ақпан күні, дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа мәжілісі болып өтті. Оған Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат жөніндегі орынбасары Абзал Нүкенов, өңірдегі спорт мектептерінің басшылары, селекторлық режімде қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Абылаев жан-жақты есеп берді. Мекеме басшысы бұған қоса жүзеге асырылуы қажет жоспарлар мен міндеттерді белгілеп берді. Соның бірі – Қарағанды облысы спортшыларының Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия ұтуы болып табылады. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Данияр Мыңбаев осы туралы әңгімеледі. Ол өңір спортшыларының қазірдің өзінде спорттың синхронды жүзу және қыздар күресі түрлері бойынша екі лицензия жеңіп алғандығын атап өтті. Қалған 15 үміткердің алдағы уақытта төртжылдықтың басты ойынына қатысу үшін күресуі қажеттігіне және олардың осындай құқыққа ие болуы үшін мүмкіндігі мол екендігіне назар аударды.

Сол сияқты облыстың мамандандырылған мүгедектер спорты жөніндегі мектебі директорының орынбасары Жанат Жұмабеков баяндама жасап, 2020 жылғы ХҮІ жазғы Паралимпиадалық ойындарға дайындығы туралы айтты, Қарағанды облысы спортшыларының қазірдің өзінде бес лицензия ұтып алғандығана тоқталды. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру жүйесіндегі қазіргі қолданыстағы жүйені жетілдіре түсу, оның мөлдірлігі мен әділеттілігі туралы ДШжСБ жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві бөлімінің басшысы Наталья Темирбаева хабарлама жасады.

- Жасалған есеп пен баяндамаларға қарағанда нәтижелер бар, бірақ әсіре көрсеткіштер мен ұлғайтылған жоспарлар емес, нақты көрсеткіш қажет, - деді Абзал Нүкенов. – Біздің мақсатымыз – халықты, әсіресе, балалар мен жастарды спортпен айналысуға барынша көбірек тарту.

Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары көптеген тапсырмалар берді. Ол балалардың таланттары мен талаптары қаншалықты анықталып жатқандыгын білу үшін спорт мектептерінің көрсеткіштерін, әр түрлі деңгейдегі жарыстардың нәтижелерін қатаң дақылауға алу қажеттігіне тоқталды.

- Тағы да атап айтамын, спорт әрбір адамға қол жетімді болуы қажет. Барлық моно-қалалар мен ауылдық аудандардың кенттерінде, мысалға алғанда, спортпен айналысу үшін Street workout сияқты алаңшалар болуы қажет. Ол үшін бизнесті, инвесторларды тарту қажет. Спортпен айналысуды ұйымдастыру үшін кез келген мүмкіндік, лайықты бөлмелер пайдаланылуы тиіс. Жаттығу толыққанды болуы үшін спорт нұсқаушыларын көбірек тарту қажет, - деп баса айтты Абзал Нүкенов.

Бұған қоса облыс әкімінің орынбасары жетекші спортшылар дайындауға, оларды барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұған қоса ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі жоспарды бөлек жасауға тапсырма берді.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика