Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 29 Ақпан (00:11)
Официально

Язык: Қазақша

Облыстың қыздар боксы жөніндегі бас бапкері: «Мұндай тамаша нәтиже бізде көптен бері болған жоқ!»

Екібастұзда қыздар мен жеткіншектер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты болып өтті. Қарағанды облысынан барған қыздар 13 медаль – төрт «алтын», екі «күміс» және жеті «қола» жеңіп алды. Жасөспірім қыздар жалпы командалық есепте бірінші орынға шгықты!

- Мұндай тамаша нәтиже бізде көптен бері болған жоқ! – деп атап өтті Қарағанды облысының қыздар боксы бойынша аға жаттықтырушысы Елдос Сайдалин. – Жақсы өнер көрсетуді жоспарлағанбыз, тамаша дайындалдық, сондықтан да көптеген қыздарымыз біз ойлағанннан да жақсы өнер көрсетті. Жарайсыңдар! Мен оларға бірыңғай команда болып, бір-бірі үшін жанкүйер болғаны, бір-бірін қолдағаны үшін қатты риза болдым. Чемпионаттың қорытындысында олардың арасында бесеуі ұлттық құрамаға қосылды.

Міне, республикалық біріншіліктегі қыздардың көрсеткіші мынадай болды: 2002-2005 жылдары туған қыздар: Жасмин Қизатова (64 кг) – бірінші орын, ол Қазақстанның екі мәрте чемпионы атанды; Сабина Сәкенова (57 кг), Дамира Болатова (60 кг), Наргиза Ақжолова (64 кг), Яна Бараненко (75 кг) – үшінші орын.

2004-2005 жылдары туған жасөспірім қыздар: Анита Адишова (44 кг), Гульназ Бөрибаева (48 кг), Камила Бажбенова (80 кг) – бірінші орын; Аяулым Кенжеханова (44 кг), Томирис Мырзағұл (48 кг) – екніші орын; Гүлмира Серікқызы (50 кг), Мадина Төлеуова (66 кг), Аяжан Нарбаева (+80кг) – ұшінші орын.   


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика