Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 29 Ақпан (00:39)
Официально

Язык: Қазақша

Бүгін дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қарағанды облысының жауынгерлік өнер қауымдастығы арасында қызметтестік туралы меморандумға қол қойылды.

Қауымдастық 2018 жылы құрылған болатын. Республикалық ұйымның құрамына спорттың олимпиадалық емес түрінен 22 федерация кірген еді. Карате, спорттың толық жанасу түрі, жекесайыс, ММА аралас жеке сайыс сияқты төрт бағыты дамытылуда. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде Қауымдастықтың филиалдары құрылған. Қарағанды облысының ұйымына 17 федерация кіреді. Олардың өкілдері бүгін өңірлік бірлестіктің басшысы Ерден Халилиннің атқарылған жұмыс туралы есебін тыңдап, шешімін таппаған мәселелер мен алда тұрған міндеттерді талқылауға келді. Қауымдастықтың мәжілісіне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев қатысты. «Біз тығыз қызметтестігімізді жалғастыра беретін боламыз. Мен оның жемісті болатындығына сенімдімін. Біз Қауымдастықтарға, федерацияларға жеткіншектер мен жастардың спортпен көбірек айналысуына, олардың біздің өңірдің атын республикаға, еліміздің атын халықаралық аренаға көтеруі үшін қолдан келген көмекті жасап, қолдау көрсете беретін боламыз», - деп атап өтті Темірхан Абылаев.

Ол Ерден Халиллинге алғыс хат табыс етті және кездесудің соңында екі басшы спорттың дамуына қолайлы әсер ететін, сөйтіп жаңа жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізетін меморандумға қолдарын қойысты.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика