Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Қараша (00:27)
Официально

Язык: Қазақша

Улан-Удэде бокстан өткен әлем чемпионатында қола медаль алған Милана Сафонованы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында құттықтады.

Әуелі басқарма басшысы Дмитрий Карпов, боксшы Милана Сафонова, оның жаттықтырушысы Данара Ахметова және Қарағанды олысы Бокс федерациясының атқарушы директоры Серік Елеуовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. «Мен қол жеткенмен тоқырап қалмаймын. Жартылай финалдағы жекпе-жекте мен анық басымдықпен жеңгеніме сенімді едім, бірақ төрешілердің шешімі басқаша болды, біздің жаттықтырушылардың қарсылығын қабылдаған жоқ. Солай-ақ болсын. Маған алдағы уақытта төрешілердің ешқандай күмәні болмас үшін, бұдан да көбірек еңбек етуге тура келеді. Алдымызда көптеген турнирлер тұр, ішінде лизцензиялық турнирлер де бар. Соған барымша талпынамын, өйткені менің басты мақсатым – 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға қатысу», - дейді Милана Сафонова.

Дмитрий Карпов спортшы қызды және оның жаттықтырушысын қола медалімен құттықтай келіп, алғыс хат табыс етті. Милананың алға қойған мақсатына міндетті түрде жетуіне тілектестік білдірді.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика