Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Қараша (00:42)
Официально

Язык: Қазақша

Қазақстан стол теннисінің тарихында қарағандылық ең жас спорт шебері атанды!

Орал қаласында қазан айының 8-нен 13-не дейін 1998 жылы және одан кейін туған жасөспірімдер мен қыздар арасында стол теннисінен Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Қарағанды облысынан оған сегіз спортшы қатысты. Командалық есепте біздің спортшы қыздарымыз бірінші, жасөспірімдер үшінші орынға ие болды. Жекелей біріншілікте алтын медальді спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі Зәуреш Ақашева жеңіп алған болса, қола медаль Александра Смирноваға бұйырды. Бұл қыздарымыз жұптасып ойнауда үшінші орынға ие болды.

Чемпионаттың басты сенсациясы – 12 жасар Алан Құрманғалиев Зәуреш Ақашевамен аралас жұптасқан разрядта (суретте) «алтынға» қол жеткізді, сөйтіп Қарағанды облысы құрамасының ең жас мүшесі спорт шебері нормативін орындады! Қазақстандық стол теннисінің тарихында мұндай бұрын болмаған еді! Жарайсың, Алан!

Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын Халықаралық ІТТҒ федерациясы континентальдық, әлемдік «Hopes Week» турнирінің қорытындысы бойынша қарағандылық ерекше талантты баланы 2019 жылдың ең таңдаулы теннисшісі деп атаған болатын. Барлық балаларды және олардың жаттықтырушыларын республикалық біріншіліктегі тамаша нәтижесімен құттықтаймыз! Олардың барлығы да стол теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика