Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қараша (23:19)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының ауылдық аудандарында арнайы оқытылған 50 спорт нұсқаушысы жұмыс атқарады.

Жыл сайын өңірде жаңа ДШСК ашылып, кенттерде спорт алаңдары және әмбебап корттар орантылуда. Осы инфрақұрылымдардың бос қарап тұрмай, толық қуатында жұмыс істеуі, тиісті пайда келтіруі қажет. Сондықтан, ауылдың әр түрлі жастағы тұрғындарының мамандардың басшылығымен спортпен айналысуы үшін нұсқаушылар копусын енгізу қажет деп табылды. Олар тек жаттықтырып қана қоймайды, сонымен қоса бұқаралық қызықты шаралар да өткізеді. Салауатты өмір салтын сақтау қозғалысына адамдарды барынша көп жинау мақсатында іштей жұмыстарды да жүргізеді.

«Қазір ауылдық өңірлерде қызмет етіп жатқан елу адам арасында оқыту тренингтерін ұйымдастырдық және өткіздік. Нұсқаушылар институтын енгізу жөніндегі жобаның бұқаралық спортты дамыту үшін маңызы зор, ол өзінің нақты нәтижесін әкелуі де мүмкін», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов.

«Осы пилоттық бағдарлама бойынша мен шілде айынан бері жұмыс істеп жатырмын, маған өте ұнайды. Қазіргі кезде балалармен айналысамын. Кешкі мезгілде жастар мен ересектер біздің спорт алаңымызда футбол мен волейболды рахаттана ойнайды. Кент тұрғындары спортқа көбірек келіп жатыр, балалардың рахаттана айналысуы қуантады. Тамаша бастама, ең қызығы тиімділігі зор, біріктіруші күш. Өйткені, адамдар дұрыс жағдайда кездесіп, оң әсерге бөленеді», - дейді Осакаров ауданының Есіл ауылында істейтін спорт нұсқаушысы, биатлоннан спорт шебері Владимир Рябков.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика