Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қараша (23:48)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының Ағадыр кентінде «Астана Моторс» компаниясының жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында дзюдодан дәстүрлі VII республикалық турнир өтті.

Біріншілікке Қазақстанның қалаларынан, облыстары мен аудандарынан және Қырғызстаннан 20 команда, тоғыз салмақ санаты бойынша барлығы 259 спортшы қатысты. Турнирдің ашылу салтанаты кезінде «Астана Моторс» компаниясының өкілі Төрехан Сауғабаев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рустам Қожабеков және Ағадыр кентінің әкімі Дәурен Кәрсембаев қатысты. «Астана Моторс» турнирінің бас демеушісі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медальдармен және грамоталармен, бірінші орын үшін – 40 000 теңге, екінші орын үшін – 20 000 теңге, үшінші орын үшін – 10 000 теңге ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Жалпы командалық есепте Ағадыр кентінің құрамасы барлығынан басым мықтылық көрсетіп, 200 мың теңге сыйлыққа ие болса, екінші орынға Жезқазған қаласының (100 мың теңге) және үшінші орынға Теміртау қаласының (50 мың теңге) командасы ие болды.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика