Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Қараша (00:27)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыда «Футбол барлығы үшін» жобасы табысты жүзеге асырылуда!

Тірек-қозғалыс аппаратының жұмысы бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері спорттың бұл түрімен зор рахат сезіммен айналысады. Олар 1 қазан күні «Шахтер» клубында қонақта болып қайтты. Балалар команданың ойыншыларымен киім ілетін жерде кездесіп, сыйлықтар алды. Бұдан соң бұрынғы шабуылшы, қазіргі кезде жаттықтырушы болып жүрген Андрей Финонченконың өзі кішкене қонақтармен шеберлік сыныбын өткізді, оған «кеншілер» де қатысты. Қызықты қыздыру-эстафетадан соң жолдастық кездесу болып, бірлескен түскі ас ішілді. Балалар стадионның нағыз футбол алаңында, шеберлермен таза ауада өткізген ойыннан зор әсер алды!   Сонымен қоса бұл кездесу «Шахтердің» ойыншыларын да тамаша сезімге бөледі.

Айта кетейік, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жыл басынан бері  «Футбол барлығы үшін» жобасын жүзеге асырып келе жатыр, соның арқасында мүмкіндігі шектеулі балалар ойынның бұл түрімен шындап айналыса бастады. Оған қоса екі қарағандылық команда осы жуырда ғана ДЦП науқасы бар жас спортшылар арасында Алматыда өткен бірінші республикалық турнирге қатысып, екінші және төртінші орындармен оралған болатын!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика