Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қараша (23:18)
Официально

Язык: Қазақша

eSPORTkrg – пайдаланушылардың барлық қарағандылық спорт туралы білуіне болатын жаңа ұялы қосымшасы осылай аталады!

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын облысымыздың спорт мектептерінде жүзеге асыру мақсатында «Дене шынықтыру мен спорттың мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізіліп, барлық мекемелер бойынша электрондық деректер базасы жасалуда.

- Бұл жүйенің лайықтылығы мен артықшылығын ұзақ уақыт санамалап айта беруге болады, бірақ тұрғындарға осы жобаның аясында жасалған басқа жаңалықтар қызықтырақ болуға тиіс, - дейді Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. – Жаңа eSPORTkrg.kz интернет-порталы және eSPORTkrg ұялы қосымшасы пайда болды, оның көмегімен кез келген адамның өңірдегі спорт мектептері, федерациялар мен клубтар, олардың жұмыс кестесі туралы, жаттықтырушылар туралы деректер алуына, спорт нысандарының бейнесі бар электрондық картаны көруіне, спорт секцияларының орналасқан жерін білуіне және баланы жаздыруға өтініш беруіне болады. Бұл бізің басқарманың және WTO ақпараттық жүйесі орталығының пилоттық жобасы болып табылады. Яғни, бұл қарағандылықтар үшін ересектер мен балалардың спортпен айналысуына қомақты таңдау ұсынылады деген сөз. Өз бетімен жазылу, кеңес алу, кері байланыс, спорттық-бұқаралық шараларға қатысу желеуі, тұрғындардың ақпаратқа ашық қолжетімдігі сияқты қызмет түрлерін алу мүмкіндігі пайда болады. Сондықтан да қарағандылық спорт туралы бәрін білу үшін eSPORTkrg-ні көшіріп алыңыз және тіркеліңіз!

Оны аталған сервиздің бәрі бар eSPORTkrg.kz интернет-порталынан Android с Google play үшін көшіруге болады.  Тек Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қосымша мен сайт жаңадан толықтырылып жатқандықтан, әзірше ұсақ-түйек кемшіліктер болатындығын ескертеді.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика