Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (22:27)
Официально

Язык: Қазақша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық жаттықтырушы Евгений Хисметовты "Құрмет" орденімен марапаттады.

Оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа байланысты зардап шеккен, Арыс қаласын қалпына келтіруге қатысқан, Біздің жерлесіміз және тағы да 39 қазақстандық осындай құрметке ие болды..

Евгений Хисметов Саран қаласындағы спорт мектебінде  футбол бойынша жаттықтырушы.

Ол 50 күн ішінде жарылыстардан кейін Арысты қалпына келтіруге көмектесті. Оған көшеде құрылыс материалдарында ұйықтауға, жүк тасушы, қоймашы болып жұмыс істеуге, гуманитарлық көмек көрсетуге және  жарылыстарды бастан кешіруге тура келді. Жаттықтырушының Tengrinews.kz  тілшісіне  айтуынша,  Арыс қаласына баруға YouTube роликтер себепші болды. «Жол жиегінде жүріп келе жатқан қолында баласы бар ер адамға, ешкім тоқтамаған», «Бізге көмектесіңіздер» деген әйелдердің жан айқайын көрдім де, «Арыс-көмекке келемін» дедім. Әйелім қорқып кетті. Мен нәрселерімді алып, достарымнан ақша алып, көмектесуге бардым. Алдымен гуманитарлық көмек тасыдым. Содан кейін Шымкенттің балаларымен танысып, апатты деп танылған үйлерді, бұза бастадық. Камазға тиеп салу және тасымалдау жұмыстарын атқардым. Содан кейін маған таңғы сағат 8-ден кешкі 11-ге дейін қоймада жұмыс істеуге сенім білдірді. Түнгі сағат 2-ден 4-ке дейін құрылыс материалдарын қабылдадым. Осылайша,  50 күн жұмыс атқардым. Ыстық болғандықтан өте қиын болды", - деді Евгений, салтанатты түрде марапаттаудан кейін Ақордаданың журналистеріне.

Бір рет жарылыс оның жанында естілді. Барлығы қорқып, қаша бастады. "Мен Қарағандылықпын. Бұл жерде бәрі жарылса да, мен бәрін салғанша бұл жерден ешқайда кетпеймін", - деп есіне алады Хисметов.

Ол өз қылығын батырлық деп санамайды. "Мен онда волонтер  болып жұмыс істеген деген анықтаманы жұмысқа алып келіп, барлығын ұмытайын дегенмін. Бірақ мейірімді адамдар оны бағалап, Интернетке салды... Әрине, үлкен мақтаныш.... Ақорда да бірінші ретпін. Үнемі осындай марапаттауға келуге, Еліме көмектесуге, жақсылықтар жасауға тырысамын ", - дейді жерлесіміз. Хисметовтар отбасында үш бала бар. Евгенийдің айтуынша, олар оны "Азамат" деп санайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика