Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (22:35)
Официально

Язык: Қазақша

«Шахтер» шабуылшысы Лувага Гизито және жасөспірімдер футболын дамыту бойынша клубының атқарушы директоры Наталья Сухорукова тірек-қимыл аппаратының бұзылысы бар балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтады.

Угандадан келген легионер, осы ерекше оқу мекемесіне қоманда ойыншыларының қол таңбалары бар допты сыйға тартты. Ол балаларға денсаулық пен сәттілік тілей отыра, олардың ойындарынан және мектеп-интернатының Білім күніне ұйымдастырған мерекесінен әсер алғанын айта қетті. Мерекелік бөлім аяқталғаннан кейін балалар Лугава Гизитоны жібергілері келмей естелікке суретке түсіп, әрқайсысы «Шахтер» ойыншысының қолын алуға тырысты.

2018 жылдың қазан айында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстандық футбол федерациясы, «Шахтер» ФК, Білім басқармасы, ҚР дене шынықтырудан  ҒҰМ  Ұлттық ғылыми-өндірістік орталығы, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Қарағандыдағы филиалы  ЦСА (церебральды сал ауруы) азап шеккен балалар арасында футбол дайындықтарын өткізу және жағдайын ұйымдастыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан бойынша Алматы қаласынан кейін Қарағанды екінші болып осы идеяны қолдады. Жуырда Павлодар қосылды. Облыстық спорт басқармасы «Футбол барлығы үшін !» атты  жобасын жүзеге асыруды бастады.

-Біз тірек-қимыл аппарынының бұзылысы бар облыстық мектеп интернатының оқушыларымен жұмыс жасаймыз. Барлығы он адамнан тұратын үш топ. Балалар қандай қызығушылықпен дайындалатынын  сіздер білсеңіздер! Осы балалармен араласуда біз көптеген жағымды әсерлер аламыз- деп әңгімеледі  жобаның аға жаттықтырушысы Евгений Свешников.

Келешекте республикалық жарыстарда қатысатын, ерекшеленген балалар арасынан  команда құрылады. Одан бөлек, жыл аяғына дейін церебральды сал  балалардан 150 баланы футболмен жүйелі дайындалуға  тарту жоспарда бар.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика