Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (22:30)
Официально

Язык: Қазақша

Шахтинскіде Қарағанды облысының қалалары арасындағы «Арай 2019» ХІҮ жазғы Спартакиадасы бастау алды

Біріншіліктің жарқын, театрландырылған ашылуы жергілікті стадионда өтті. Спартакиада алауын спорттық акробатика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, «Қазақстандағы 100 жаңа есмі» республикалық жобасының жеңімпазы Никита Амоскин жақты.

- Биылғы жылы бұл дәстүрлі спартакаиаданың Спорт күні қарсаңында өтіп отырғандығы өте қуанышты, - деп бастады құттықтау сөзін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов. – Қарағанды өңірі өзінің спорттық тарихымен және олардың даңқты дәстүрімен мақтан етуге әбден құқылы. Біздің облысымызда әлемдік ареналарда жоғары нәтижелерге қолжеткізіп, салмақты жеңістерге жеткен чемпиондардың талай шоқжұлдызы тәрбиеленді.

Қарағандылық спорттың таңдаулы өкілдері кәсіптік мерекесі қарсаңында Спартакиаданың ашылу салтанаты кезінде аталып өтілді. Дмитрий Карпов пен Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Қайыржан Тілеубергенов ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің тапсырмасы бойынша «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін «Жеңіл атлетикадан ОМБЖОРМ» КМҚК жаттықтырушы-оқытушысы Николай Николаевич Барсановқа және Қаражал қаласындағы №10 мектептің дене шынықтыру мұғалімі, бокстан жаттықтырушы Рымғали Хасенұлы Мұздыбаевқа табыс етті. Ал «ЗАККАР» қазақ күресі спорт клубы» ЖШС директоры Абай Зикиров «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Облыстың спорттың техникалық түрі және техникалық шығармашылық бойынша мектебінің оқытушысы Сергей Оконечников, «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушысы Евгений Егоров, спортшы-нұсқаушы Абдулкарим Караман, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің бас маманы Алтынай Алакаева ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарына ие болды. Облыс әкімінің және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хаттары спорт ардагері Ольга Григорьевна Сипливаяға, дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Нұрлан Әшірбекке, ұлттық және ат спорты түрінен «Қайрат» БЖСМ директоры Шаризат Қазтаевқа, Бұқар жырау аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олег Цыганковқа, Шахтинск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Елена Стасьқа, «Шахтинск қ. балалар мен жасөспірімдер орталығы» КМҚК қосымша білім беру педагогы Қадиша Өтепбаеваға табысталды.

Спартакиаданың тарихы 2006 жылдан басталады, ол алғашқыда Қарағанды қаласында өтті, онда жарысқа жеті қаладан 216 адам қатысқан болатын. 2019 жылы Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Жезқазған, Балқаш, Приозерск, Сәтбаев және Қаражал қалаларынан 700-ге жуық адам бірінші орын үшін күресетін болады. Спартакиада спорттың волейбол, шағын футбол, стол теннисі, шахмат, дойбы, пауэрлифтинг, президенттік көпсайыс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, армрестлинг, жеңіл атлетика сияқты 12 түрінен өткізілетін болады.

Жеңімпаз және жүлдегер болған командалар кубоктармен, дипломдармен, грамоталармен және медальдармен марапатталатын болады. Қазақ күресінен абсолюттік салмақ санатындағы ең күшті палуан бағалы сыйлыққа ие болады.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика