Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Қазан (23:39)
Официально

Язык: Қазақша

«Бұл біз үшін үлкен жетістік», - дейді жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында екінші орын алған Қарағанды облысының Шет ауданы асық ату командасының жаттықтырушысы.

Республикалық біріншілікке Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Қарағанды облысының 2003-2005 жылдары туған балаларының жеті командасы қатысты. Жарыс Петропавл қаласында, «Винокуров» спорт кешенінде өтті. Қарағанды облысы облыстық жасөспірімдер спартакиадасының жеңімпазы болған Шет ауданының командасын жіберді. Оларды жергілікті білім бөлімінің әдіскері Еркебұлан Ақыжанов бірнеше жылдан бері тегін жаттықтырып келеді:

- Балалармен жеті жылдан бері айналысып келемін, аудан бойынша жүзге жуық бала асық атумен шындап айналысып жатыр, ұлттық ойынның бұл түрі жыл өткен сайын кеңінен тарап келеді. Біз Қазақстан чемпионатына бар мүмкіндігімізбен дайындалған едік. Менің тәрбиеленушілерім – Нұрсұлтан Кәкенов, Айсұлтан Бұғыбай және Дәулет Камал күміс жүлдегер атанды. Мен оларды мақтан етемін! Біз үшін бұл үлкен жетістік болды! Біз тек Нұр-Сұлтан командасынан ғана жеңіліс таптық. Алдымызда әлі талай жеңістер бар екендігі сөзсіз!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика