Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (22:48)
Официально

Язык: Қазақша

Жасөспірімдер арасында тректегі влоспорттан Қазақстан чемпионатында командалық есепте 655 ұпай нәтижесімен Қарағанды облысы бірінші орынға шықты!

Жарыс 25 – 29 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда «Сарыарқа» велотрегінде өтті. Оған сегіз облыстың, Қазақстанның астанасы мен Шымкенттің 110 спортшысы қатысты. Қарағанды өңірі өзінің 21 жас велоспортшысын жіберген болатын.

Жарыстың қорытындысында біздің спортшылар құндылығы әр түрлі 24 медаль жеңіп алды:

1 орын – Крейс Андрей (командалық спринт);

1 орын – Бекенов Александр (командалық гонка);

1 орын – Абрамчук Алёна (кейрин);

1 орын – Наливайко Андрей, Абдуллаев Виктор (топтық жарыс мэдисон);

2 орын - Абдуллаев Виктор, Наливайко Андрей, Козодой Артём, Гуреев Адиль (командалық жарыс);

2 орын - Хамзина Эльвира, Абрамчук Алёна, Мадиярова Диана (командалық жарыс);

2 орын – Хамзина Эльвира (топтық жарыс скретч);

2 орын - Абрамчук Алена, Хамзина Эльвира (командалық спринт);

2 орын – Абрамчук Алёна (спринт);

2 орын – Абрамчук Алёна (жекелей жарыс ізге түсу 2 км);

2 орын – Крейс Андрей (гит 1 000 м);

2 орын – Абрамчук Алёна (гит 500 м);

2 орын – Бекенов Александр (ұпай бойынша топтық жарыс);

2 орын – Абрамчук Алена, Хамзина Эльвира (топтық жарыс мэдисон);

3 орын – Хамзина Эльвира (жекелей жарыс ізге түсу 2 км);

3 орын – Хамзина Эльвира (гит 500 м).

Командалық есепте Қарағанды облысы 655 ұпаймен бірінші орын алды!

Жасөспірімдер мен қыздар арасында ҚР чемпионатында спортшыларымыз ерекше көзге түсті. Олардың ішінде Карина Әбдрахманова үш күндік топтық жарыста жеңімпаз атанды, күміс медальға Владислав Жагипаров, қола медальға Илья Карабутов қол жеткізді.

Қарағандылық велеожарыскерлерді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика