Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (22:43)
Официально

Язык: Қазақша

Біздің жерлесіміз, пауэрлифтингтен үш мәрте (!) әлем чемпионы Әбдулкәрім Қараманға ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ал оның әкесі Дәрібай Қараманұлы Оспановқа (фотода) – Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы атақтары берілді.

Айта кетейік, 2019 жылы Токиода өткен әлем чемпионатында Әбдулкәрім Қараман жарыстың әр түрінен екі мәрте жеңімпаз болып, әлемдік жаңа рекорд жасаған болатын! Ол тек жарыстарға қатысып қана қоймайды, сонымен қоса Облыстық кешенді спорт мектебінің жаттықтырушысы болып, өзінің туған Ағадыр кентінде қызмет атқарады. Жергілікті спорт клубының өткен жылы жақсы жөнделген ғимаратында оның жетекшілігімен елуден астам бала спортпен тегін айналысады. Әлем чемпионының басты тәлімгері өзінің әкесі Дәрібай Оспанов, ол қазіргі күні 70 жастың қырқасына шығып отыр. Соған қарамастан бұл жас оның ардагерлер арасында жүлделі орынға ие болуына бөгеті жоқ – ол Токиода күміс жүлдегер атанды!

- Спорттың бұл түрі біздің кентте одан әрі табысты дамып, Ағадырдың, Қарағанды облысының, Қазақстанның атағын бізді жергілікті жерде тәлім алған спортшыларымыз асқақтата берсе екен деймін, - деп атап өтті Дәрібай Қараманұлы Оспанов. - Жұмысымызды одан әрі жалғастыра береміз. Құрама команданың жаттықтырушысының ұсынысымен ұлым Азия чемпионатына бармайтын болды, біз 2020 жылы Прагада өтетін Әлем чемпионатына баруды көздеп отырмыз. Егер мүмкіндік болса мен де кәрі сүйегімді бір сілкіндіру ойымда бар.

Осындай тамаша жандарды, әкесі мен баласын еңбек сіңіріп алған атақтарымен шын жүректен құттықтаймыз.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика