Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 24 Тамыз (04:09)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында басқарма іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның орындалуы жөніндегі есеп облыс әкімінің аппаратына және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментке жіберіледі. Сонымен қатар, Басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде ынтымақтастық туралы ашық келісімге қол қойды, ол келісімге ведомстваның барлық мемлекеттік қызметшілері қосылды.

Апта сайын қызметкерлермен жедел кеңестер өткізіледі, олардың басты міндеттері – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарын ескерту және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңнаманы зерделеу болып табылады.

Жалпыға бірдей құқықтық оқу жоспары жыл сайын бекітіледі, соған сәйкес 2019 жыл ішінде басқарма қызметкерлерімен, ведомстволық бағынысты мекемелермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдерін тарта отырып, спорт мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар өткізу жоспарланды және өткізіліп те жатыр. Мемлекеттік қызметшілермен, спорт мектептерінің басшыларымен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Олжас Айдарұлы Бұрханов әңгіме өткізді. Ол «Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілік туралы» деген тақырыпта баяндама жасады.

Спорт басқармасының karsport.kz ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бөлімі жұмыс істейді, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар туралы ақпарат орналастырылады. Сондай-ақ онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сенім телефоны, осы тақырыпқа арналған әлеуметтік роликтер жарияланды. Сайтта «Басқарма басшысының блогы» жұмыс істейді, оған азаматтар дене шынықтыру мен спорт саласындағы жұмысты жақсарту жөнінде сұрақтар қойып, ұсыныстар жасай алады.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп, қабылданды, олар ведомствоның алқа отырысында талқыланды және бекітілді. Олар барлық мемлекеттік қызметкерлердің назарына жеткізілді және сайтта орналастырылған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы әрекет бойынша жаднамалар әзірленіп, таратылды.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі, оларға жол бермеу, әсіресе ведомствоға қарасты мекемелердің бірінші басшыларын тағайындау, Қарағанды облысының жетекші спортшыларына ай сайын ақшалай қаражат (стипендия) төлеу, мемлекеттік сатып алуды өткізу, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру бойынша, Ә. Молдағұлова атындағы ОМОРМИК КММ-не балаларды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іс-шаралар жүзеге асырылады. Барлық конкурстық рәсімдер қатаң түрде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

Жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану қажет болған жағдайда, Басқарма сотқа уақтылы жүгінеді. Сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуының алдын алады.  Бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда да осындай жұмыстар жүргізілуде. Бюджеттік қаражатты дұрыс жоспарлау және пайдалану мәселесі бойынша ведомствоға қарасты мекемелердің басшыларымен және бас бухгалтерлерімен семинарлар өткізіледі.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы спорттық разрядтар мен санаттар беру, жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу, спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелер беру, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру сияқты төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді. Басқармада қызметтің көрсетілген түрлері бойынша шағымдар мен бұзушылықтар болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басқарма қабылдаған әкімшілік шаралардан басқа, бұл жұмыстың спорттық бағыты да бар. Жыл сайын «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» ұранымен мемлекеттік қызметшілер арасында Спартакиада өткізіледі. Басқарма өткізетін барлық жарыстар мен іс-шаралар спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, сонымен қатар тұрақты азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеуге де бағытталған.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика