Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (23:07)
Официально

Язык: Қазақша

Нұр-Сұлтанда бокстан ҚР Президентінің Кубогы өтті. Осы ірі халықаралық турнирде біздің спортшыларымыз ерекше көзге түсіп, Абылайхан Жүсіпов – алтын, Айжан Ходжабекова – күміс медальға ие болды.

Қазақстанның астанасында Қытайдың, Филиппиннің, Тәжікстанның, Сирияның, Өзбекстанның, Үндістанның, Алжирдің, Ресейдің, Болгарияның, Қырғызстанның, Монғолия мен Қазақстанның асы мықты боксшылары күш сынасты. Біздің ерлер құрамасының өкілдері жарысты қоржындарына 18 медаль салып аяқтады. Қарағандылық Абылайхан Жүсіпов 69 кило салмақ дәрежесінде жан шыдатпады! «Турнир жақсы болды. Тамаша жекпе-жектердің куәсі болдық. Кімдер өздерін көрсете алды дегенге келетін болсақ, Абылайхан Жүсіповты айтар едік. Боксер бүкіл турнир бойы жоғары деңгейде болды. Ақтық сайыста өзіміздің жас спортшымыз Талғат Шайкеновпен қолғап түйістірді. Мұнда да Жүсіповтың мәртебесі жоғары болды», - деді olympic.kz жүргізген сұхбатта құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.

Қазақстанның қыздар командасы 11 медальмен ерекшеленді. Қарағандылық Айжан Ходжабекова 57 кило салмақ санаты бойынша күміс медальді жеңіп алды. Президент Кубогында тамаша өнер көрсеткен жерлестерімізді құттықтаймыз.

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика