Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (22:23)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық спортшылар бразилиялық «ACB JJ World Open Championship 2019» джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында төрт алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Халықарылық жарыс 13 және 14 шілде күндері Мәскеу қаласында өткен болатын, оған әр түрлі елдерден мыңнан астам атлет қатысты. Жарыс балалар мен ересек шеберлер арасында өтті. Қарағанды облысынан 12 спортшы өнер көрсетті.

Чемпионаттың бірінші күні біздің он жерлесіміз – сегіз бала мен екі ардагер медаль үшін белдесті. Темірлан Әубәкіров «12-13 жас, 40 кг), Әміржан Сиқымбаев (14-15 жас, 60 кг), Нұржан Имендинов (16-17 жас, 75+кг) чемпион атанды. Ислам Әбдірахманов (14-15 жас, 65 кг), Аян Шермағамбетов (35 жас және одан жоғары, 75 кг) қола медальға ие болды.

Чемпионаттың екінші күні 18 жастағылар мен одан асқан барлық белбеу иелері өнер көрсетті. Біздің облыс атынан екі спортшы белдесті. Олжас Нұртақанов екі белдесуде жеңгенімен, өкінішке қарай, шамалы ғана артықшылықпен чемпионат иелері басымдық алып кетті. Айбар Оразалы өз салмағындағы барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанды, одан соң абсолюттік санатқа тапсырыс берген еді, мұнда өзінен салмағы ауыр қарсыласпен үш белдесуде жеңіске жетті, бірақ ақтық белдесуде екі балы кем болып, орынды босатып алды.

Қорыта келе чемпионаттың екі күні ішінде біздің команда төрт алтын, бір күміс және екі қола – барлығы жеті медаль жеңіп алды. Чемпионат клубтық болғандықтан, еліміздің барлық атлеттерінің арқасында Қазақстан жалпы командалық екінші орынға шыққанын атап айтамыз!

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика