Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (22:29)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыда 20 және 21 шілдеде триатлоннан ірі республикалық жарыс өтеді, оған еліміздің әр аймағынан 500-ге жуық адам қатысады!

Триатлон - бүгінгі күні өте кең таралған, үш кезеңнен: жүзуден, веложарыстан және жүгіруден тұратын мультиспорттық жарыс түрі, оның қатысушылары осы үш кезеңнен кезегімен тоқтусыз өтіп шығуы қажет.

Қарағандылықтар алдағы демалыс күндері қаланың орталық саябағында кәсіпқойлар арасында триатлоннан Қазақстанның V жазғы спартакиадасының және әуесқойлар арасында ұлттық турнир "TEMIRADAM" Кубогының VIІ кезеңі өтетін осы көзді арбайтын және қызықты жарыстарды көре алады.

Кәсіби атлеттер 20 шілдеде сағат 9-дан 12 - ге дейін бірнеше пән түрі мен дистанцияда өнер көрсетеді:

1) Elite санаты (18-23 жас), пән-триатлон, қашықтық – «стандарт» (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру).

2) Elite санаты (13 жас және одан жоғары), пән – аралас эстафета триатлон 2+2 , қашықтық - 250 м жүзу, 6,6 км веложарыс, 1,6 км жүгіру.

Спартакиадаға республиканың әр өңірінен 150-ге дейін атлет қатысады деп күтілуде.

Триатлоннан "TEMIRADAM" кубогы – Age Group (әуесқойлар) санатындағы атлеттер арасындағы ұлттық турнир тұрғындар арасында спорттың осы түрін кейнен тарату және дамыту мақсатында өткізіледі. Оның VIІ кезеңі 21 шілдеде сағат 9-дан 14-ке дейін Қарағанды саябағында өтеді. Әуесқой атлеттер жарысы үш кезеңнен: 750 м жүзуден + 20 км веложарыстан + 5 км жүгіруден тұрады. Жарысқа 130-ға дейін адам қатысады деп күтілуде.

Келіңіздер, біздің спортшыларды қолдаңыздар!

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика