Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Қыркүйек (22:34)
Официально

Язык: Қазақша

Абайда ХХХІІІ облыстық жазғы ауыл спартакиадасы «Сары-Арқа 2019» бастау алды, оған Қарағанды облысының барлық аудандарынан, барлығы 600-ден астам адам қатысуда

Абайда ХХХІІІ облыстық жазғы ауыл спартакиадасы «Сары-Арқа 2019» бастау алды, оған Қарағанды облысының барлық аудандарынан, барлығы 600-ден астам адам қатысуда. Жарыс бағдарламасына спорттың 11 түрі: волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, Президенттік жазғы көпсайыс, армрестлинг, кір тасын көтеру спорты, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, дойбы, асық ату енгізілді. Қатысушылардың жасы – 18 жастағылар және одан асқандар.

- Бұл спартакиада дәстүрлі болды, - деп атап өтті Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Нұрлан Әшірбек. - 1986 жылы облыстық спорт комитетінің мәжілісінде ауыл спортшылары арасында облыстық спартакиада өткізу туралы шешім бірінші рет қабылданды. Жарыс әр аудандарда ұйымдастырылады, өткен жылы бұл Нұрада болды, биыл – Абайда, онда «Жігер» стадионында өткен спартакиаданың театрландырылған ашылуы әсерлі болды. Ауыл тұрғындары осы дәстүрлі облыстық біріншілікке үлкен ықыласпен қатысып отырғанын атап өткім келеді. Өткен жылы Абай ауданының командасы бірінші орын, Нұра екінші орын, Жаңаарқа үшінші орынды иеленген еді. Бұл жолы кім жеңімпаз болатындығын білу де қызықты. Өйткені Спартакиададағы медаль үшін күрес жай ойын ғана емес, нағыз спорттық тартыс …


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика