Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Шілде (18:26)
Официально

Язык: Қазақша

Жауынгерлік өнер шебері Сергей Зубковтың бір жарым ай бойы жанталаса дайындалған шайқасы небәрі 42 секундқа ғана созылды!

Қазақстанның барлық өңірлерінде, оның ішінде Қарағандыда да 7 мамырдан бастап жауынгерлік өнер фестивальдары өтті. Бұл спорттық мерекелер эстафетасының шарықтау шегі Нұр-Сұлтандағы жаңа көпсалалы jekpe-jek Жекпе-жек сарайында гала-фестиваль болды. Ашылу салтанатына Қазақстанның Президенті Қасымжомарт Тоқаев, еліміздің жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Кәрім Мәсімов және халықаралық спорт федерациялары жаһандық ұйымының (GAISF) вице-президенті Стефан Фокс қатысты.

Осы орасан зор гала-фестиваль аясында көрсетілім сайыстары өткен еді. Біздің тамаша спортшымыз, жауынгерлік самбодан және жекпе-жектің көптеген түрлерінен Қазақстан чемпионы Сергей Зубков Қырғызстаннан келген ең мықты қарсыласын 42 секундта тізе бүктірді.

- Гала-фестивальде жауынгерлік өнердің әр түрі бойынша жеті жекпе-жек өтті. Ең бастысы жауынгерлік самбо ережесі бойынша күрес болды. Қырғызстаннан келген атақты спортшыны қылқындыру әдісімен бірінші раундта-ақ жеңіске жеттім, - деді бүгін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында өткен баспасөз мәслихатында Сергей Зубков.

Айтпақшы, оның пікірінше, жеңістің жеңілі болмайды, бірақ соған жету жолындағы дайындық бәрінен де қиын.

- Бір жарым ай бойы күніне екі жаттығудан өткіздік. Қазір бір апта демалыстан соң тағы да іске кірісеміз. Алдымызда жауынгерлік самбодан Үндістанда өтетін Азия чемпионаты бар, - дейді жеңімпаз, ол қазір тек спортшы ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушы да!

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика