Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Шілде (18:31)
Официально

Язык: Қазақша

Ә.Молдағұлова атындағы облыстық спорт мектеп-интернатының тәрбиеленушілері кадеттер арасында өткен Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды.

Халықаралық біріншілік Нұрсұлтанда өтті. Оған Корея, Жапония, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Иран, Сауд Арабиясы, Таиланд, Тайпей, КХДР, Қытай, Моңғолия және Қазақстан командалары қатысты. Осындай қатаң бәсекеде біздің жас спортшылар – Ерасыл Дәулетбек грек-рим күресінен 48 кг салмақ дәрежесінде күміс, ал Аяжан Саду (73 кг) қола медаль жеңіп алды. «Мен өз балаларымды мақтан тұтамын және олардың жаттықтырушыларына өте жақсы жұмысы үшін алғысымды білдіремін!», - деді бүгін дене шынықтыру және спорт басқармасында өткен баспасөз мәслихатында Ә. Молдағұлова мектеп-интернаттың басшысы Ерден Халилин.

- Мен үшін мұндай жоғары деңгейдегі алғашқы жарыс, әзірге спорттағы ең үлкен жетістік, - деп 17 жасар Аяжан Саду өз ойымен бөлісті, - Менің Өзбекстан, Үндістан және Қырғызстаннан келген қыздармен үш жекпе-жегім болды. Маған күрес ұнайды, қандай да бір дәрежеде осы спорт түрімен шұғылдану маған Олимпиада жүлдегері болған Эльмира Сыздықованың ерлігі үлгі болды. Мен әлі күнге дейін өкінбеймін, тағы да үлкен шыңдарға қол жеткізгім келеді. Сонымен қатар, алдымызда Болгариядағы әлем чемпионаты тұр. Менің жауынгерлік көңіл-күйім сол қалпында! Жаттықтырушым Ермек Несібелдіұлы Әбділдинге үлкен рахмет айтқым келеді.

- Менің тәрбиеленушім Ерасыл Дәулетбек Азия чемпионаты сияқты беделді халықаралық біріншілікте күміс медаль жеңіп алу үшін ұзақ және табанды жаттығу жасады, - деп атап өтті 16 жасар палуанның тәлімгері Бекежан Құлашұлы Рахымбеков. – Ол жарады! Грек-рим күресімен сегіз жыл айналысады, осы жылдың ақпан айында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы, ал енді Азия біріншілігінің жүлдегері атанып отыр. Мен оның алда әлі талай жеңістері бар екеніне сенімдімін.  Біз Софияда өтетін әлем чемпионатына жақсы дайындаламыз және онда лайықты өнер көрсетеміз деп үміттемін.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика