Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қазан (00:02)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық, физика пәнінің мұғалімі, 51 жастағы Татьяна Корягина «SaryArgaTrail» жүгіруіне екінші рет қатысып отыр. Ол ойлы-қырлы жерлермен он шақырымды жүгіріп өтіп, өзінің жас санаты бойынша үшінші орынға ие болды

Өткен жексенбі, 30 маусым күні, Қарағандының сыртында (Құрма ауылы жанында) Спорттық бағдаарлау федерациясы мен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ойлы-қырлы жерлермен «SaryArgaTrail 2019» жүгіруін өткізген болатын.

Жүгірушілер арасында жарқын әсерді, жаңа көңіл-күйді және нағыз қозғалыс бостандығын сүйетін, қысылтаяң жағдайларды ұнататындар өте көп. Осылардың барлығы жаңа спорттық пәнді – trail running (трейл раннинг) ұсынады. Бұл ойлы-қырлы жерлермен, табиғи рельефпен еркін қарқынмен жүгіру болып табылады. Трейл раннинг кросс және таулы жермен жүгіру элементтерін қамтиды, мұнымен қоса оған барлық әлемде күн өткен сайын табынушылар саны арта түсуде. Оның қашықтығы кең ауқыммен өзгеріп отыратындықтан, жүгіруге әр үрлі жастағы, әр түрлі дайындықтағы адамдар қатыса алады.

Қарағанды облысында ойыл-қырлы жерлермен «SaryArgaTrail» жүгіруі екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Өткен жылы оған тек Қарағанды қаласынан ғана емес, сонымен қоса Астана, Алматы, Екібастұз, Жезқазған мен қанаттас қалалардан 200-ден астам жүгіруді ұнататындар қатысқан болатын. 2019 жылы 10 және 25 шақырымға жүгіруге 300-ге жуық адам тілек білдіріп, тіркелген болса, оның ішінде екі адам Чехиядан, Ресейдің спортшылары да бар, Нұр-Сұлтаннан 50 өкіл тіркелген, және басқа да қалалардың жүгірушілері бар.

- Мен жүгіруге екінші рет қатысып отырмын, - деп әңгімеледі Қарағанды қаласынан, физика пәнінің мұғалімі, 51 жастағы Татьяна Корягина. – Өткен жылы өте тамаша рахатқа бөлендім, сондықтан да он шақырымға тағы жүгіруге, қиын жерлерді жүріп өтуге бел будым. Мен негізі спортпен шынайы айналыспаймын, тек қиындықтарды басып өтіп, өзімнің күш-қуатымды, ерік-жігерімді  сынап көрейін деп ойладым...

Айтпақшы, «SaryArgaTrail»-ға қатысқысы келгендердің барлығы да уақытымен тіркеліп үлгерген жоқ. Дегенмен, қыркүйек айында Қарақаралыда тағы бір жүгіру болады, онда 42 шақырымдық жартылай марафон қашықтығы қосылады. Бұл да экстремал-жүгірушілер үшін өзін сынап көретін мүмкіндік.

«SaryArgaTrail 2019» жеңімпаздарымен таныс болыңыздар: Сергей Мальцев (Шахтинск), Вячеслав Слободенюк (Қарағанды), Дмитрий Адамович (Нұр-Сұлтан), Елена Понмарева (Степногорск), Гүлмира Аменова (Нұр-Сұлтан), Юрий Емельянов (Шахтинск), Николай Куанченко (Қарағанды), Наурызбай Шегір (Қарағанды), Гүлнара Шакенова (Қарағанды), Анастасия Ильясова (Теміртау), Әсем Әбілқасова (Нұр-Сұлтан). Ал, физика пәнінің оқытушысы Татьяна Корягина өзінің жас санаты бойынша үшінші орынға шықты. Тамаша нәтиже! Оқушылар өздерінің мұғалімдерімен мақтан ете алады!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика