Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Шілде (18:58)
Официально

Язык: Қазақша

«Мұндай жарыстар бізге өте қажет!» - деді ұлттық спорт түрлерінен облыстық фестивальға қатысушы, Абай ауданы көкпар командасының капитаны

Қарағанды өңірінің Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінде ұлттық спорт түрлерінің облыстық фестивалі болып өтті. Бұл шараның бағдарламасында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату болды. Фестивальдің сегіз ауданнан және Қарағандыдан 240 өкіл қатысқан ашылу салтанаты 28 маусым күні Ботақар кентіндегі ипподромда өтті. Жыл сайын көпшілік арасында кең тарала бастаған ұлттық спорт түрінен біріншілік үш күнге созылды.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізіліп жатқан мұндай фестивальдарұлттық спорт түрлерін, бұқаралық дене шынықтыруды дамытуда маңызды рөл атқарып, өскелең жас ұрпақтың ұлттық құндылықтар мен дәстүрге жақындауына жағдай туғызады, әрине әр өңірден келген спортшылардың достық қарым-қатынасына ықпал етеді, - деп атап өтті жарыстың ашылу салтанатында сөйлеген Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов.

Бұл биылғы жылы өңірде өтіп отырған ұлттық спорт түрінің екінші фестивалі. Біріншісі Қарағанды қаласында «Қайрат» спорт мектебінің базасында өткізілді. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша құрама команда қалыптасады, ол қыркүйек айында Ақтөбеде өтетін республикалық спартакаиадада біздің облыстың намысын қорғайтын болады.

- Мен жасымнан ат үстіндемін. Біздің командаға жиырма жылдай уақыт болды. Біз мұндай турнирлерге әрқашанда қанағаттанарлық сезіммен қатысамыз, - дейді фестивальдің ең жасы үлкен қатысушысы, Абай ауданы көкпар командасының капитаны, 53 жастағы Байқадам Ерімов. – Жастар қазір ұлттық спорт түрлерімен әсіресе, ат спорты түрімен қызыға айналысады, өйткені бұл спорт түрі бұқаралық бола бастады. Менің 21 жастағы ұлым мен інім менімен бірге жеңіске жету үшін күресуде. Мұндай жарыстар жастарды ұлттық дәстүрге тартуда өте қажет және маңызы зор.

Өткен жылы Абай ауданының командасы көкпардан облыстық турнирдің жеңімпазы болған еді. Бұл жолы олар үшінші орынға ие болды. Шет ауданының өкілдері таңдаулы болды. Негізінен жарыс қорытындысында командалық есепте көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату бойынша бірінші орынды Шет ауданының құрамасы жеңіп алған болса, екінші орынға Ақтоғай ауданының және үшінші орынға Бұқар жырау ауданының командалары ие болды.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика