Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Қазан (08:05)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық Қазақстан тарихында тұңғыш рет ММА - IMMAF - WMMAA International Mixed Martial Arts Federation бойынша Еуропа чемпионы атанды!

Оның аты-жөні ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан мен Азияның чемпионы Анатолий Золотых екенін ұмытпаңыз! Енді Қарағандыдан шыққан бұл сарбаз Еуропа біріншілігінде жеңіске ие болған бірінші қазақстандық атанды. Чемпионат Италияда өткен болатын. Анатолий Золотых (65,8 кг) Болгариядан, Уэльстен, Ұлыбританиядан және Ирландиядан келген қарсыластармен төрт жекпе-жек өткізді.

Ал, Атырау ММА федерациясының тәрбиеленушісі Ерулан Қабдулов (52,2 кг) өз салмақ дәрежесі бойынша күміс жүлдеге ие болды.

«Еуропаның барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймын! Біз өзіміздің жігіттер үш мақтанамыз және оларды мақтан тұтамыз! Олар Қазақстанның әлеуетін тағы да бір паш етті! Біздің барлық құрам мен жекелеген қатысушыларымызды чемпионаттарда көзге ілгісі келмейтіндерге біз өзіміздің биік деңгейімізді және бізбен де есептеспей болмайтындығын көрсетеміз. Чемпионымыз және онымен жұмыс істегендердің барлығы жоғарылай берсін! – дейді Қазақстанның ММА бойынша ұлттық құрама командасының бас бапкері Баян Жанғалов.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика